• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
18.11.2026, 22:55
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ел сенімі – ең басты міндет! РАМИЛЬ ДҮЙСЕҒҰЛҰЛЫ

№4 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатыРАМИЛЬ ДҮЙСЕҒҰЛҰЛЫ ЖАТҚАНБАЙ

turan_admin turan_admin
18.11.2026, 22:33
Сайлау-2026
Ел сенімі – ең басты міндет! РАМИЛЬ ДҮЙСЕҒҰЛҰЛЫ
2
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Жатқанбай Рамиль Дүйсеғұлұлы, Ауқатты ауылында туып-өстім. Мамандығым — заңгер. 2012 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысамын, «Әділет» шаруа қожалығының басшысымын.

Қордай аудандық мәслихатының VI, VII және VIII шақырылымдарының депутаты болып сайландым. Еңбек жолымда инфрақұрылымды күтіп ұстау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен айналыстым. Бұл тәжірибе нақты шешім қабылдау, жауапкершілік және халық алдында ашық есеп берудің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Ауданның дамуы тұрғындарды күн сайын толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар — жол сапасы, ауызсу, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы.

Әрбір елді мекен тиісті назарда болып, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуы керек деп санаймын. Мен үшін әділдік пен халық алдындағы жауапкершіліктің мәні — осы.

Бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты міндет — қордаланған мәселелерді шешу, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік беру және туған жердің әлеуетін арттыру.

Барлық міндеттемем нақты нысандарға, мерзімдерге және орындалуы бақылауда болатын шешімдерге негізделеді. Даму жоспарлары мен аудандық бюджетте олардың ескерілуіне ықпал етіп, қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалаймын әрі тұрғындар алдында ашық есеп беремін.

Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі — халық өміріндегі нақты оң өзгеріс.

Құрметпен, Рамиль Жатқанбай

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. Жолдар мен көлік

Елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруіне және жолдарды сапалы күтіп ұстауға ықпал етемін.

2. Су, электр және коммуналдық инфрақұрылым

2031 жылға дейін Қордай ауданы Қызылсай ауылындағы 14,6 шақырым су құбыры желісінің құрылысын жүргізу мәселесін шешуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге ықпал етемін. Ауылдарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге басымдық беремін.

3. Қолжетімді несие және ауыл кәсіпкерлігі

Ауқатты ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесемін. Жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға қолдау көрсетемін.

4. Ауыл шаруашылығын қолдау

Жайылым жерлеріне қолжетімділік, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің сапасын арттыру мәселелерінде тұрғындардың мүддесін қорғаймын. Фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтар өнімін сатуға арналған жабдықталған алаң құруға ықпал етемін.

2030 жылы Қызылсай су қоймасының құрылысын бастауға, ал 2031 жылға дейін тамшылатып және жаңбырлатып суару секілді су үнемдеу технологияларын кеңейтуге жәрдемдесемін.

5. Жаңа жұмыс орындары және табысты арттыру

Шағын бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді және инвестициялық жобаларды қолдау арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға ықпал етемін. Кәсіптік оқыту, жастар кәсіпкерлігі және жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қолдаймын.

2031 жылға дейін «Жасыл ел» еңбек жасақтары арқылы жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейтуге күш саламын.

6. Қолжетімді әрі сапалы медицина

«Дипломмен ауылға» жобасы арқылы медицина мамандарын тарту және ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеремін.

7. Заманауи мектептер және балаларға қолайлы орта

2029 жылы Ауқатты ауылында 200 оқушыға арналған жаңа орта мектеп салу, №9 орта мектептің орнына жаңа білім нысанын іске қосу мәселесіне ықпал етемін.

8. Әлеуметтік қорғау және отбасыларды қолдау

Қарт адамдарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға күш саламын. Әлеуметтік осал топтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдаймын.

9. Сапалы байланыс пен интернет

Ауқатты ауылдық округінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуға, ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыруға ықпал етемін. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуді қолдаймын.

10. Таза әрі абаттандырылған ауылдар

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Ауқатты ауылдық округіндегі абаттандыру, көгалдандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жақсартуға ықпал етемін. Тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға, сондай-ақ полигонның экологиялық және санитариялық талаптарға толық сай болуына қол жеткізуге күш саламын.

Сіздердің пікірлеріңіз — менің бағытымның негізі!

Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!

Әр шешімім — туған жердің игілігі үшін!

Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.

Тапсырыс беруші: Р..Жатқанбай

№4 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: VII және VIII шақырылымдарының депутатыАухаттыЖатқанбай Рамиль ДүйсеғұлұлыҚордай аудандық мәслихатының VI
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тұрақтылық. Даму. Ел игілі! Сергей Сидоренко

Тұрақтылық. Даму. Ел игілі! Сергей Сидоренко

18.11.2026, 22:48
Әділет» партиясының кандидаттары теміржолшыларымен өңірді дамытудың басым бағыттарын талқылады

Әділет» партиясының кандидаттары теміржолшыларымен өңірді дамытудың басым бағыттарын талқылады

18.11.2026, 18:49
Құқықтық сауат пен қауіпсіз мектеп

Құқықтық сауат пен қауіпсіз мектеп

18.11.2026, 15:56
Спортқа жол ашатын күнделікті мүмкіндік

Спортқа жол ашатын күнделікті мүмкіндік

18.11.2026, 15:37
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрақтылық. Даму. Ел игілі! Сергей Сидоренко

18.11.2026, 22:48

Ел сенімі – ең басты міндет! РАМИЛЬ ДҮЙСЕҒҰЛҰЛЫ

18.11.2026, 22:33

Әділет» партиясының кандидаттары теміржолшыларымен өңірді дамытудың басым бағыттарын талқылады

18.11.2026, 18:49

«Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының президенті тағайындалды

18.11.2026, 16:51

Құқықтық сауат пен қауіпсіз мектеп

18.11.2026, 15:56

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.