• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:27
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ

turan_admin turan_admin
02.11.2021, 23:45
Облыс жаңалықтары
АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ
233
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мойынқұм ауданының экономикасы биылғы жылдың жартыжылдығы қорытындысымен 22,5 %-ға өсіп отыр. Оның ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңінен 7,6 млрд. теңгеге артты. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 15,1 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,5 %-ға артқан. Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында бөлшек сауда айналымы 1 041,5 млн. теңге, НКИ 102,5 % құрап отыр, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 91,9 млн. теңгеге артты. 2021 жылдың қаңтар – маусым  айларында барлығы 2465 шағын және орта бизнес субъектілер саны тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19 субъектіге артқан. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі  2 395,9 млн. теңгені құрады немесе 2020 жылдың деңгейімен салыстырғанда 0,6 %-ға артты. Биылғы жылы жалпы ұзындығы 17,8 шақырым болатын тоғандарды механикалық тазалауға бюджеттен 21,4 млн. теңге қаржы бөлініп бүгінгі таңға тоғандарды тазалау жұмыстары жүргізіліп бітті.

Ағымдағы жылы 5662 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, егіс алқабы 254 гектарға артты. Жер пайдалану көрсеткіші 100%-ға орындалып, 400 гектарға арпа, 1350 гектарға жүгері, 150 гектарға картоп, 220 гектарға көкөніс,  400 гектарға бақша дақылдары, 2702 гектарға жоңышқа, 420 гектарға тары және 20 гектарға майлы дақылдары егілді.  Ет тірі салмақта 2 402,2 тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті  кезеңімен салыстырғанда 17,5 тоннаға немесе 0,7%-ға артқан. Сүт өнімі 2 678,7 тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2 тоннаға немесе 0,3%-ға артқан. Жұмыртқа өнімі 585,7 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  2,9 мың данаға артқан.

Аудан бюджетінен тоғандардағы гидро құрылғыларды салуға және қалпына келтіруге 12,4 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы ауданішілік жолаушылар көлігі қатынасымен 6 елді мекен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалымен  қамтамасыз етіліп, аудандық бюджеттен субсидияға 57,7 млн. теңге қаражат қарастырылды, субсидия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 7,9 %-ға артқан. Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100% құрап отыр. Аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін ағымдағы жылы жол жөндеу мен күтіп-ұстау жұмыстарына барлық бюджет көздерінен 480,0 млн. теңге бөлініп, қарастырылған қаражаттар есебінен жалпы ұзындығы 19,1 шақырым елді мекен көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында құрылыс жұмыстарының көлемі  7 104,6 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 129,9 %-ды құрап отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының құрылысы есебінен артты. Аудан бойынша 24 ауылдық елді мекеннің 17 елді мекені немесе 70,8 % орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2021 жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысына сәйкес, пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттардың жалпы алаңы 1 815,2 шаршы метрді құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 %-ға артқан. Аудан бюджетiнiң жалпы шығындары бойынша жоспар 4386,8 млн. теңге болса, 4385,9 млн. теңге игеріліп, бюджеттің орындалуы 100,0 % орындалды. 2021 жылдың 6 айына бюджетке кірістер бойынша жоспарда 2114,4 млн. теңге болса,  2683,8 млн. теңге сомасында түсімдер түсіп, жоспар 126,9 %-ға орындалған. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 2021 жылға 534,5 млн. теңге  қаражат бөлінді.  2021 жылдың қаңтар-маусым айларында Бағдарламаға 1962 адам қатысты. Бағдарлама аясында 1229 адам жұмысқа орналасқан.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

 

Тегтер: АуылшаруашылығыМойынқұм ауданыэкономика
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.