• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Экология министрі С. Брекешев оңтүстік астананың тұрғындарымен кездесу өткізді

turan_admin turan_admin
28.10.2022, 08:37
Қазақстан жаңалықтары
Экология министрі С. Брекешев оңтүстік астананың тұрғындарымен кездесу өткізді
61
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Халықпен кездесу барысында қаланың экологиялық жағдайы бойынша көптеген мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, Серікқали Аманғалиұлы өз есебінде Алматының бірнеше жылдан бері ең ластанған қалалар тізіміне енгенін атап өтті. Жыл сайын қала атмосферасына шамамен 138,7 мың тонна ластаушы заттар шығарылады. Ластану жылу көздерінің (ЖЭО-2 және ЖЭО-3), жеке тұрғын үйлердің және транспорттың шығарындыларымен байланысты. Бұдан бөлек, Алматы қаласының атмосфералық ауасының жай-күйіне Алматы облысының 3 іргелес аудандарындағы газдандырылмаған өңірлердің шығарындылары теріс әсер етуде.

9 ай ішінде ел бойынша атмосфераға 900 мың тоннаға жуық ластаушы заттар шықса, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18%-ға төмен (1,1 млн.тонна). Алматыда 31,9 мың тонна белгіленсе, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,4%-ға төмен (44,6 мың тонна).

Сондай-ақ, Министр Алматының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар кешені алматылықтардың пікірлерін ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Осы орайда, қаладағы экожүйені бақылау бекеттерінің саны 16-дан 40-қа дейін өсті. Барлық жаңа бекеттерді қоғамдық ұйымдардың күштері ұйымдастырып, Қазгидрометтің бірыңғай мониторингтік желісіне біріктірілді (11 бекет – Эко сарапшы, 10 датчик Павел Плотицын, 3 бекет – Скаймакс). Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімдігі Азия даму банкінің көмегімен Қазгидрометтің AirKZ мобильдік қосымшасына интеграцияланатын тағы 50 датчик орнатады.

ЖЭО-ны экологияландыру мақсатында газ турбиналарын салу арқылы барлық ЖЭО-ны жаңғырту туралы шешім қабылданды. ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ашық тендер өткізілуде. Жұмыстарды 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Бұл 2-ЖЭО-дағы шығарындыларды 94%-ға 38-ден 2 мың тоннаға дейін, 3-ЖЭО-дағы шығарындыларды 83%-ға 12-ден 2,0 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Алматы әкімдігі дизельді қоғамдық көлікті сатып алуға тыйым салды. Қазірдің өзінде 827 электр және газ автобустары сатып алынды. Осы жылдың соңына дейін экологиялық таза қоғамдық көліктің жалпы саны 40%-ды құрайды, ал 5 жыл ішінде қалалық көлікті толығымен газ бен электр энергиясына ауыстыру жоспарлануда.

«Көгалдандыру мақсатында әкімдік жасыл желектерге толық аудит жүргізіп, олардың тізілімін жүргізуде. Жүйелі шара ретінде Министрлік тиісті заңнамаға ағаштарды кесу нормаларын қатаңдату бойынша өзгерістер енгізді, онда 20-30 есе мөлшерде заңсыз кесілгені үшін ағаштарды өтемдік отырғызу көзделген және заңсыз кесілгені үшін әкімшілік жаза бес есеге дейін ұлғайтылды.

Осыған байланысты, Алматы қаласының әкімдігі жасыл екпелер санын азайтуға жол бермеу мақсатында ағаштарды өтемдік отырғызуға және көшеттерді кейіннен күтуге қатаң бақылау орнатуы қажет», — деп атап өтті министр.

Стихиялық қоқыс үйінділерін құру мәселесі бойынша қауіпті қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындарға лицензиялар беру басталды, қоқыс шығаратын кәсіпорындардың тізілімі құрылды және қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар ұлғайтылды (жеке тұлғаларға 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін).

Кездесу барысында қала құрылысы кезіндегі жел режимін есепке алу, су шаруашылығы және экологиялық туризмді дамыту мәселелері де қозғалды.

Тұрғындармен кездесу мүмкіндігін пайдалана отырып, Экология министрі іс-шараға қатысушыларға: «Құрметті достар, сіздер тұратын қала керемет табиғатымен әлемге танымал. Алайда, осы табиғатты бұзатын кейбір туристердің көзқарасы бізді қынжылтады. Біз қоқысты жоюға тырысамыз, түрлі экоакциялар жүргіземіз, бірақ біздің күшіміз жетпейді. Мен бірегей табиғи байлықтарымызға ұқыпты қарауға, тауда қоқыс қалдырмауға, дұрыс емес жерлерде от жақпауға шақырамын. Болашақ ұрпақ үшін табиғат сұлулығын құрметтеу және сақтау қажет. Бұл менің экология министрі ретіндегі жеке өтінішім Сіздерге», — деп үндеу айтты.

Есептен кейін министрдің алматылықтармен жанды диалогы жалғасып, әрбір тұрғын «еркін микрофон» арқылы өзін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Кездесу қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг ұйымдастырылды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.