• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:50
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҮЕҰ саласындағы белсенді топтар марапатталды

Жамбыл облысында азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған маңызды марапаттау іс-шарасы өтті

turan_admin turan_admin
17.11.2025, 22:18
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
ҮЕҰ саласындағы белсенді топтар марапатталды
138
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін өңіріміздің әлеуметтік саласына үлес қосып, қоғамдық бастамаларды ілгерілетуге белсенді атсалысқан ұйымдар еңбегі арнайы бағаланды. Арнайы дипломдар мен сертификаттарды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов сөз сөйлеп тапсырды.

Шараның маңызды бөлімі — азаматтық қоғамды дамытуға ерекше үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды тапсыру болды.

I. “Мәдениет пен өнерді дамыту” номинациясы

Бұл санат бойынша лауреат — “Sheber Shanyraq” мүгедектер қоғамдық бірлестігі.
Бірлестік басшысы Анар Бексұлтан мәдениет пен өнерді дамытуға, қоғамды рухани байытуға бағытталған еңбегі үшін марапатталды.

II. “Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт” номинациясы

Бұл бағыттағы лауреат — “JASTAR” дамыту орталығы.
Орталықтың бастамалары жастардың білімін арттыруға, танымдық және спорттық белсенділігін дамытуға тұрақты түрде үлесін қосып келеді. Марапат ұйым басшысы Муратбаев Қаныбек Жарылқасынұлына табысталды.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру аясында “Тараз – азаматтық орталық” жобасымен “2025 жылғы белсенді ҮЕҰ” конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Байқаудың мақсаты — өңірдегі қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру, озық тәжірибелерді қолдау және қоғам өміріне серпін беріп жүрген ҮЕҰ жұмысына құрмет көрсету. Жеңімпаз ұйымдар биылғы жылы атқарған әлеуметтік-маңызды бастамалары үшін арнайы сертификатқа ие болды.

“Әлеуметтік бастама көшбасшысы” номинациясы

Бұл номинация бойынша жеңімпаз атанған — “Елім-ай Достық” қоғамдық бірлестігі.
Ұйымның төрайымы Ким Полина Александровна атқарған жобалары арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып келеді. Олардың жұмысы – азаматтық жауапкершілік пен қоғамға деген жанашырлықтың айқын көрінісі.

“Жастарды қолдаушы ҮЕҰ” номинациясы

Бұл номинацияның жеңімпазы — Жамбыл облыстық “Желтоқсан ұшқыны” қоғамдық бірлестігі.
Төрағасы Кеншинбеков Талғат Дүкенбайұлы басқаратын ұйым жастардың патриоттық тәрбиесіне, азаматтық сана-сезімінің артуына және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған кең ауқымды бастамаларымен танылған. Жастарды қолдауға қосқан үлесі өңір үшін аса маңызды.

Сонымен қатар, “Жамбыл облысының үздік әлеуметтік жобалары” конкурсының нәтижелері жарияланып, қоғамға нақты пайда әкелген, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асырған ұйымдар марапатталды. Бұл байқау өңірдегі әлеуметтік идеяларды анықтауға, тиімді жобаларды қолдауға және олардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осы іс-шарамен бірге азаматтық қоғамды дамытуға, қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қосқан мамандарға сыйлықақылар табысталды. Бұл — азаматтық сектордың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қолдау.

“Jambyl civil hub” жобасы аясында өткен “Жамбыл облысының үздік әлеуметтік жобалары” конкурсының нәтижесінде “KILEM” жобасы үздік деп танылды. Жоба әлеуметтік осал топтағы жастарды қолдауға бағытталған. Оның ерекшелігі — әр қатысушы жоба соңына дейін қажетті дағдыларды меңгеріп, қолдау алады. Бенефициарлар жобаға өз еркімен өтінім тапсырып қатысады.

Жобаны жүзеге асырып отырған ұйым — “Жамбыл Жастары” Қоғамдық бірлестігі, төрайымы Дятлова Наталья Викторовна марапатталды.

Бүгінгі шара – өңірдің азаматтық секторын қолдауға бағытталған маңызды қадам. Бұл марапаттар барлық ҮЕҰ үшін жаңа белестерге бастайтын жігер мен мотивация береді. Әр ұйымның қоғам игілігіне жасаған еңбегі — өлшеусіз құнды.

Тегтер: азаматтық альянс
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.