Бүгін «Әділет» партиясының партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттары Тараз қаласында сайлауалды кездесулерін өткізді. Бір күнде 25 кездесу ұйымдастырылып, 1 900-ден астам сайлаушымен жүздесті.
Кандидаттар білім беру ұйымдарының ұжымдарымен, «Бәйтерек» шағынауданының тұрғындарымен және «Жамбылхимстрой» ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, «Әділетті болашақ үшін» өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесулерде білім сапасы, жаңа мектептер салу, өндірісті дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды.
Жамбыл облысына арналған 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламада 4 370 оқушыға арналған 9 жаңа мектеп салу, 138 STEM кабинетін ашу және Тараз қаласында инженерия, IT, математика мен гуманитарлық бағыттар бойынша 3 мамандандырылған мектеп құру көзделген.
«Әділет» партиясы үшін білім – әділетті қоғам мен жарқын болашақтың негізі. Сайлауалды бағдарламамызда жаңа мектептер салу, оқу орындарын заманауи кабинеттермен жабдықтау және әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау көзделген.», – деді Оралхан Дәуіт Абдрашұлы.
Өндіріс орындарындағы кездесулерде жұмыс орындарын сақтау, жаңа кәсіпорындарды дамыту және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері көтерілді. Бағдарламада 116 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру, сондай-ақ жыл сайын кемінде 35,8 мың азаматты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жоспарланған.
««Әділет» өңір экономикасын нығайту үшін өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыруға басымдық береді. Кәсіпорындардың әлеуетін кеңейтіп, тұрғындарға тұрақты табыс табуға мүмкіндік жасау – сайлауалды бағдарламамыздың маңызды міндеттерінің бірі».– деді Данияр Асқарұлы.
Кездесулер барысында сайлаушылар өз ұсыныстары мен мәселелерін ортаға салды. Кандидаттар айтылған пікірлер партияның алдағы жұмысы барысында назарға алынатынын жеткізді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.







