Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел соғады.
Тек оңтүстік-батыста, 17-18 тамызда батыста, 18 тамызда республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, солтүстікте, шығыста, орталықта тұман түсуі мүмкін.
Ауа температурасы бойынша
- Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы 22-30-дан 27-35 градусқа дейін көтеріледі;
- Солтүстік-батыста 16-30-дан 22-33 градусқа дейін көтеріледі;
- Елдің солтүстігінде ауа температурасы 18-23 градус болады;
- Орталық облыстарда 20-30 градус болады;
- ҚР шығысында ауа температурасы 20-30-дан 17-25 градусқа дейін төмендейді;
- Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус болады,
- Республиканың оңтүстік-шығысында температура 30-35-тен 25-32 градусқа дейін төмендейді;







