Облыс активімен кездесуде Дархан Медеғалиұлы қазіргі уақытта мемлекеттік қызметсаласында «Әділетті Қазақстан» қағидаттарынасай келетін жүйелі реформалар жүзегеасырылып жатқанын атап өтті.
Агенттік төрағасы сервистік мемлекеттікаппаратты және жеке сектордан мамандардытартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметтіңгибридті моделін қалыптастыру шараларыашықтық, әділдік және меритократия қағидаттарын ілгерілетуге бағытталғанын айтты. Кездесу барысында өңірде мемлекеттікқызметке кәсіби мамандарды тартудыңзаңнамалық тетіктері мен тәсілдері талқыланды.
Дархан Жазықбай өткен жылы «е-Qyzmet» жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп, сыртқы порталда мемлекеттік қызметке жаңаіріктеу алгоритмі әзірленгенін және конкурстықрәсімді өткізу форматы қайта қаралғанын айтты. Биыл жаңа жүйеге 22 мемлекеттік орган қосылып отыр. Жамбыл облысы бұл жүйегекелесі жылы қосылады деп жоспарлануда.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлікуниверситетінде өткен жастармен кездесуде МҚІА төрағасы жастар үшін мемлекеттікқызметке орналасудың жаңа мүмкіндіктерінетоқталып, жоғары оқу орындарының үздіктүлектерін аудандық және ауылдық жерлердетөменгі лауазымдарға конкурстан тыс тікелейтағайындауға қатысты Агенттіктің жаңа шешіміжайлы баяндады. Сондай-ақ ол өңірлер үшінжас басқарушылар пулын қалыптастыруғабағытталған Өңірлік кадр резервтеріне іріктеудіңбасталғаны және оның негізгі талаптары жайлыайтты. Еліміздің барлық өңірлерінде «Жасмемлекеттік қызметшілер мектептері» ашылғанын айта келе, жастарды осы мектептіңжұмысына белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу аясында Агенттік төрағасы Жасмемлекеттік қызметшілер мектебініңқатысушыларына, сондай-ақ мемлекеттік қызметсаласындағы жобаларды іске асыруға белсендіқатысқан тұлғаларға алғыс хаттар табыстады.
Сапар барысында Агенттік төрағасы жергіліктіХалыққа қызмет көрсету орталығына барып, қызмет алушылардың заңды құқықтарын сақтау, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуқажеттілігіне назар аударды.
Сондай-ақ Агенттіктің Жамбыл облысы бойыншааумақтық департаменті және Мемлекеттікбасқару академиясы филиалыныңқызметкерлерімен сала бойынша өңірдеатқарылатын жұмыстар тақырыбында кездесуөткізді.
Жұмыс сапарының соңында Дархан Жазықбай«Jambyl» телеарнасына арнайы барып, еліміздемемлекеттік қызметті дамытуға қатыстыАгенттіктің атқарып жатқан жұмыстары жайлысұхбат берді.