Ағымдағы жылдың 20 қазанындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 3 жағдайы тіркелді, оның біреуі симптомсыз.
Атап айтсақ, Тараз қаласында 83 жастағы кейуанадан коронавирус анықталды. Қызуы көтеріліп, жөтел қысқан екен. Дәл сондай сипмтомдар Жамбыл ауданының 67 жастағы тұрғынында болған. Екеуі де инфекицялық стационарға жатқызылды.
Тағы бір науқастың Қарағандыдан келгені белгілі болды. 33 жастағы әйелде дерт симптомсыз түрде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта үй карантиніне белгіленді.
Жалпы, ағымдағы жылдың 20 қазанындағы жағдайға сәйкес Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 4158 жағдайы тіркелсе, ауруханалардан 4068 науқас емделіп шыққан






