• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 13:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

БИЗНЕСКЕ ЕҢ БІРІНШІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕРЕК

turan_admin turan_admin
10.04.2019, 15:43
Облыс жаңалықтары
БИЗНЕСКЕ ЕҢ БІРІНШІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕРЕК
219
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  ағымдағы жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуін жариялады.

«Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет» деп, мәлімдеген Қасым-Жомарт Тоқаев —   Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруда бұл қадамның маңыздылығын баса айтты.

Бұл тұрғыда бизнестің пікірі қандай? «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президент Үндеуіне байланысты өңірлердегі бизнестің басын қосып, Басқарманың кеңейтілген отырысын өткізді.

Жиынды бастаған Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Президент Үндеуінде ең алдымен қажеттісі айқындық пен тұрақтылық екенін мәлімдеді.

«Қоғамға да, бизнеске де айқындық керек. Жоғарғы билік Конституцияға сүйеніп, заң негізінде қадам жасады. Президентіміз Елбасымен де, еліміздегі басқа да саяси күштермен, парламент, үкімет басшыларымен ақылдасқанын айтып өтті. «Атамекен» кәсіпкерлерді біріктіріп отырған ұйым болғандықтан, бизнеске ең бірінші тұрақтылық керек екенін айтқым келеді. Кәсіпкер үшін  өз бизнесін дамыту, елдегі инвестициялық ахуалдардың оң болуы, ішкі бизнеске де, сырттан келетін бизнеске де елдің тұрақтылығы, қоғамның тұрақтылығы, ауызбіршілігі керек» — деді Басқарма Төрағасы.

Бүгінгі Президент шешімі кәсіпкерлік тұрғысынан да қолдау табатын тура шешім.  Өз кезегінде өңірдегі бизнес-қауымдастық өз пікірлерімен бөлісті.

«Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Жетпісбай Едігенов Үндеудің уақытылы қабылданған шешім екенін айтты.

«Мен өз басым, жылдам шешім қабылдағанды жақсы көремін. Неге десеңіз, зауыттың басшысы болған соң, кез келген шаруада нақтылық қажет.  Бизнесті қолдауға бағытталған шешімдер жалғасын тауып, елімізде, тіпті отбасында тұрақтылыққа демеу болатынына сенімдімін. Бизнес өз кезегінде сайлауға белсенді атсалысуы керек», — деп ойын білдірді  Жетпісбай Едігенов.

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Отау Құрылыс» холдингінің басшысы Қайрат Молдасейітов шымқаланың кәсіпкерлері бұл шешімді бірауыздан қолдайтынын, бұл тек бизнес емес, бүкіл халық күтіп отырған шешім екендігін жеткізді.  

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу сондай-ақ инвестициялық климаттың тұрақтылығын қамтамасыз ететінін айтқан ақтөбелік «Көкжар» агроөнеркәсіптік тауар-шикізат биржасының басшысы Есімхан Құрманғазин шетелдік инвесторлар осы төңірегінде ой қозғағанын да атады.

«Біздің өңірдегі шетелдік компанияның директорымен бірер күнде болған кездесуде олардың тарапынан алаңдаушылық барын байқадық. Әрине, біз бизнес әріптестерімізге басталған әр іс жалғасын табатынын айттық. Елде тұрақтылық болса инвестициялық климат да тұрақты болады. Соны бәріміз қалаймыз, қолдаймыз», — деді Есімхан Құрманғазин.

Шығыс Қазақстан облысындағы ірі бизнес  өкілі — «СемАз» ЖСШ бас директоры Әсемқан Досқожанов ақтөбелік әріптесінің сөзін қолдап, кезектен тыс Президент сайлауының инвестициялық климаттың дұрыс қалыптасып, жалпы елдің экономикалық дамуына үлкен әсерін тигізетінін айтты.

«Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік палата дирекциялары атынан сөз сөйлеген Нариман Әбілшайықов бұл шешім елдегі әлеуметтік-экономкалық тұрақтылыққа аса қажет екенін, халық болып сайлауға белсенді түрде қатысуға дайын екенін жеткізді.

Басқарманың кеңейтілген отырысында басқада өңірлердегі жиынға қатысқан кәсіпкерлер бірауыздан бизнес қашанда нақты әрі ашық шешімді таңдайтынын, әр жасалған қадам бизнестің дамуына тікелей әсер ететінін, және де бұл ретте кезектен тыс Президент сайлауы  — дұрыс шешім екенін атады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.