• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Биыл Т.Рысқұлов ауданының 10 ауылына газ тартылады

28.06.2021
0
Биыл Т.Рысқұлов ауданының 10 ауылына газ тартылады
283
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Т.Рысқұлов ауданына барды. Аймақ басшысы шаруа қожалықтарының басшыларымен, тұрғындармен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты.

Алдымен Бердібек Сапарбаев Қарақыстақ және Жаңатұрмыс ауылдық округтерін газдандыру жұмыстарының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстары өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүргізілуде. «СтройПроектКапитал» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдері нысанның жақын күндері толығымен тапсырылатындығына сендірді. Нәтижесінде көгілдір отынмен бес ауыл қамтамасыз етілмек. Олар – Каменка, Жалпақсаз, Тасшолақ, Қазақ, Жаңатұрмыс ауылдары. Бұл ауылдарда барлығы 1287 үй, 20 бюджеттік мекеме бар.

Айта кетерлігі, қазірдің өзінде Каменка ауылындағы кейбір үйлер газға қосылып, көгілдір отынның игілігін көре бастаған.

Облыс әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, ой-пікірлеріне құлақ түрді.

— Халыққа түсіндіріп айту керек. Газ құбыры әр көшемен әр үйдің тұсынан жүріп өтеді. Ары қарай үйге дейін тұрғындар өздері тартып алуы керек. Аудан әкімдегі үйге дейін жеткізу жұмыстарын атқару үшін мердігер компаниямен келісетін болады. Оған кететін шығынды үй иесі бір жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл орайда көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың жағдайын ескеру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі, — деді Бердібек Сапарбав.

Ал, аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың айтуынша, биыл аудандағы он ауылға газ тартылып, нәтижесінде қамтылу деңгейі 98 пайызға жетпек.

Сондай-ақ, аймақ басшысы тұрғындарға үй іргесіндегі жерлерді тиімді игеруге, сол арқылы көкөніспен өздерін қамтуға жол ашуға, жайылым жерлерді дұрыс пайдалануға шақырды. Ауылдықтар суару су мәселесін шешу үшін су қойма салу мәселесін көтерді.

— Үй ауласындағы жерді дұрыс күтіп-баптай білсек, мол өнім алуға болады. Сол арқылы өз отбасыларыңызға қажетті картоп, сәбіз, пиязбен қамти аласыздар. Тек ерінбеу қажет. Сол секілді, бүгінде өзекті болып отырған жайылым мәселесі де біздің назарда. Ол бойынша әр ауылда жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Әйтпесе, бір малы жоқ азаматтардың атында пәленбей гектар жайылым жер тіркелген. Бұл қаншалықты әділетті? Пайдаланусыз жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуы тиіс. Ал су қоймасын салуға келер болсақ, ол мәселені шешу үшін тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Біз жердің асты мен үстіндегі суларды ұтымды ұқсату керекпіз. Ол үшін ерте көктемде тоғандар, көлдерге, қоймаларға қажетті су көлемін жинап алу жолын қарастырғанымыз дұрыс,-деді облыс әкімі.

Бұдан соң аймақ басшысы Шеңгер ауылындағы «SV Agro» ЖШС-не ат басын бұрды. Серіктестік 2019 жылдан бері интенсивті бақ ашып, жүргізуде. Мұнда 150 гектар жерге алма көшеттері отырғызылған. Биыл жеті мың тонна алма жиналады деп күтілуде. Серіктестікте барлығы 45 адам жұмыс істейді десек, олардың дені жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ, 100 гектарға шие көшеттері егіліпті.

Жалпы бақты ылғалдандыру арнайы қазылған 4-5 құдықтан тартылған сумен жүзеге асады. Мұнда толығымен тамшылатып суару технологиялары енгізілген.

Өңір басшысы ЖШС жұмысына оң баға беріп, облыс аумағындағы мұндай бақтардың көлемі мен санын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу керектігін баса айтты.

Құлан ауылында Бердібек Сапарбаев көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жұмысты мердігер «Амира Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Бүгінге дейін мұнда аулаларға асфальт төселіп, орындықтар орнатылып, балалар ойын алаңшалары, волейбол және баскетбол алаңдары салынып үлгерген.

Бердібек Сапарбаев аудан әкімі Ерболат Садырқұловқа құрылыс сапасын, аумақтарды санитарлық тазартуды, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын жіті бақылауды тапсырды.

Облыс әкімі Құмарық ауылында екі ірі «Бай Алғабас», «Мақсат» шаруашылықтарының жұмысымен танысып, басқа да шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

Сондай-ақ, өңір басшысы Абай, Ақыртөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесіп, алдағы ауыл әкімдерін сайлауға белсене қатысуға шақырды.

— Өздеріңізге белгілі, алдымызда үлкен саяси науқан. Ауыл әкімдерін енді бұрғыдай депутаттар емес, халықтың өзі сайлайды. Бұл бірінші рет жүзеге аспақ. Бұл тұрғыда біз өз бірлігімізбен, елдігімізді танытып, өзіміздің әділ таңдауымызды жасау керекпіз. Қолынан іс келетін, елді бір іске жұмылдыра алатын адам ауылды басқару керек. Сіздердің ауылдарыңыз бұған дейін жақсы жағынан көрініп, үлгілі ауыл ретінде танылып келеді, бұл істе де ұйымшылдықтарыңызды байқатасыздар деп сенемін, — деді Бердібек Сапарбаев.

Өз кезегінде ауыьл ақсақалдары да саяси науқанды абыройлы өткізуге белсене атсалысатындарын жеткізді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты