Алайда олардың сапасы мен орындалу барысы қатаң қадағалауды қажет етеді.
Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының өкілдері Тараз қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
2576 оқушыға арналған бұл білім ошағында құрылыс көлемінің 90 пайызы аяқталған. Жобаны «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС атқарып жатыр. Қазір нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда, ал сыртқы жұмыстар алдағы он күнде бітуі тиіс. Ресми мерзім – 15 қазан, бірақ мердігер ұжым мектепті жаңа оқу жылына дейін толық аяқтауды көздеп отыр. Осы мақсатта жұмысшылар саны да көбейтілген.
Комиссия мүшелері сапаны қатаң қадағалайтынын және жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы керектігін ескертті. Мектептегі құрылыс толық аяқталғанға дейін партиялық бақылау жалғаса бермек.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды
© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты