• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАҢА 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ

turan_admin turan_admin
28.08.2018, 18:00
Облыс жаңалықтары
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАҢА  2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ
1k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы жанындағы «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Жаңа оқу жылында 447 мектеп жұмыс істейді. Оларға 215 мыңнан аса оқушы келуі жоспарлануда, оның ішінде 1-ші сыныпқа 26255 оқушы келеді.
Биыл 4,9 млрд. теңгеге 14 білім нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға берілмек. Қалған 5 мектеп 2019 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 221 білім нысанын (149 мектеп, 59 балабақша, 13 мектептен тыс мекеме) ағымдағы жөндеуден өткізуге 232,4 млн. теңге бөлінді.
Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Мектеп оқушылары «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес кезең-кезеңімен оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Бағдарламаға сәйкес 3,6,8-сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне, «Өлкетану» оқулығына, 1,2 сынып оқушыларына арналған дәптерлеріне тапсырыс берілген. Бүгінгі таңда білім бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес мектеп оқушыларының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге 2 млрд. 493 млн. 781 мың теңге қарастырылды.
Жаңа оқу жылында Жамбыл облысының барлық мектептеріне оқулықтар 100% жеткізілді.
Балаларды оқуға толық қамту шараларының бірі — мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру. Облыстағы 447 мектептің 400-де (89,5%-да) асханалары бар, қалған 47 мектептің 19-да буфет, 28 мектепте асхана да буфетте жоқ (2 НМ, 26 БМ). 117-сі (26,2%) қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Асханасы бар мектептердегі оқушыларды бір мезгіл ақылы және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасалынған. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан оқушылар (28307) 100% бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады.
Мектебі жоқ елді мекендерде тұратын балаларды оқумен қамту үшін барлық жағдайлар жасалады. Алдағы оқу жылында 2567 оқушы 88 автобуспен тасымалданады. 875 оқушы мектеп жанындағы интернаттарға орналасады.
Үстіміздегі жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» атты акциясы «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен өткізілуде. Акция барысында жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жергілікті бюджет және демеушілер есебінен қолдау көрсетіліп, қажетті киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілетін болады.
Ол үшін барлық әкімдіктерде арнайы жұмысшы топтар құрылып, іс-шаралар жоспары әзірленді. Акция аясында түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, қоғамдық орындарда, компьютерлік клубтарда, саяжайларда, базарларда мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында ішкі істер басқармаларымен бірлескен рейдтер өткізілуде.
Үш тілде оқытуға кезең-кезеңмен көшуге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Өткен оқу жылында 45 мектепте химия, физика, информатика, биология пәндері ағылшын тілінде оқытылса, жаңа оқу жылында 185 мектепте аталған пәндер ағылшын тілінде жүргізілетін болады.
Химия, физика, информатика, биология пәні мұғалімдеріннің 34,7% (888 педагог) курстардан өтті. Биыл осы мұғалімдер деңгейлерін жоғарылату бойынша курстарды жалғастыруда (В1,В2). Бұған қоса маусым айында аудандар мен Тараз қаласында физика, химия, биология, информатика пәндерінен сабақ беретін 220 педагог жергілікті бюджет есебінен «Ұстаз» орталығы мамандарының ұйымдастыруымен ағылшын тіліндегі курстардан өтті.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.