• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бектенов Жамбыл облысының өнеркәсіптеріндегі проблемаларды жоюды тапсырды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өсімнің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ел экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
14.06.2024, 18:45
Облыс жаңалықтары
Бектенов Жамбыл облысының өнеркәсіптеріндегі проблемаларды жоюды тапсырды
72
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Үкімет басшысы өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындарының, атап айтқанда химия, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен саласы компанияларының қызметімен танысты. Сондай-ақ аумағында жаңа ірі өндірістердің құрылысы жүргізіліп жатқан Jibek Joly арнайы экономикалық аймағына барды.

Қазіргі сәтте Жамбыл облысының өнеркәсібінде 44 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, өңірде 859 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, деп баяндады Үкімет басшысына әкімнің орынбасары Әбілхайыр Тамабек. Бұл ретте облыста химия саласын дамыту бойынша ауқымды шаралар қабылдануда. Jibek Joly арнайы экономикалық аймағының құрылуы бүгінгі таңда өңірдің бар әлеуетін тиімдірек іске асыруға мүмкіндік береді. Дәл қазіргі уақытта АЭА жүктемесі 86,7%-ға тең, 16 қатысушы компания тіркелген, оның 4-і жұмыс істеп тұрған кәсіпорын, 3-і құрылыс және орналастыру сатысында, қалғаны мемлекеттік сараптамадан өтуде немесе жобалау жүргізіліп жатыр. Мәселен, арнайы экономикалық аймақ аумағында қытайдың TAS Market және өзбектің Universal Trade LLP компаниялары өндірістерін локализациялауды жоспарлап отыр. ҚХР жобасы бастапқы кезеңде құны 12,9 млрд теңге болатын шойын, болат және ферроқорытпа өндіретін зауыт салуды, Өзбекстан тарапы – жалпы инвестиция көлемі $120 млн болатын қара металды балқыту және жұқа табақты мырышталған болат өндіретін кәсіпорын салуды көздейді. Алайда, бұл жобалар АЭА қызметінің басым түрлеріне жатпайды және тиісті жеңілдіктерді пайдалана алмайды. Премьер-Министр Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігіне басым қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту мәселесін жедел пысықтауды тапсырды.

Бүгінде Жамбыл облысының локомотиві – химия саласы, оның үлесі 37%-ды құрайды. Өңірдегі қала құраушы кәсіпорындардың бірі — «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыты, онда 1,8 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жылдық қуаты 1 млн тонна тыңайтқышқа жетеді. Қазіргі уақытта табиғи газды пайдалануды шектеу себебінен өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады. Кәсіпорынның толық қуатында тиімді жұмыс істеуі үшін 81 176 мың мᶟ қажет. Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласын тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету басты міндет екенін атап өтті. Үкімет басшысы Жамбыл облысының әкімдігіне және зауыт басшылығына мәселені шешу үшін Тараз қаласының 2-ші Газ тарату стансасын жаңғырту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сонымен қатар фосфорлы гипс қалдықтарын орналастыру және ластануды болдырмау үшін ауданы 51,3 га жаңа үйінді құрылысын тезірек аяқтау міндеті қойылды.

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Олжас Бектенов Шу ауданының Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі жаңа байыту фабрикасына барды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 95%-ға аяқталған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 1,2 млн тонна кенді құрайды. Іске қосу тамыз айына жоспарланған, бұл ретте кәсіпорын алдағы қазан айында өзінің есептік көрсеткішіне шықпақ. Премьер-Министр Олжас Бектенов өңір өнеркәсібіндегі үлесі 10%-ды құрайтын металлургия саласының келешегін атап өтіп, Үкімет осындай жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

«Үкіметтің алдына қойылған міндеттің бірі — тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Биыл сын-тегеуріндерді ескере отырып, біз барлық салаға мультипликативті әсер ететін өнеркәсіптік өндірісті күшейтілген режимде дамытуымыз қажет. Жобаларды іске қосу және толық қуатта жұмыс істеу кезінде біз экономиканың дербестігін арттырамыз және жоғары білікті жұмыс орындарын ашамыз. Еліміздің барлық өңірінде оң өзгерістер бар: оларды қолдап, кеңейте беру қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларына, оның ішінде кәсіпорындардың толық жүктемесін қамтамасыз етуге назар аударылуда. Еліміздегі аяқ киім шығаратын негізгі зауыттардың бірі Жамбыл облысында орналасқан. Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, отандық өндірушілерді, оның ішінде жеңіл өнеркәсіпті қолдау шараларын күшейтуді тапсырды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: Жамбыл облысыҚР Премьер-МинистріОлжас Бектеновөнеркәсіп
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.