Тәртіп бұзушылықтарды жою мақсатында Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Прокуратура актісі бойынша тиісті шаралар қабылданып, бірқатар борышкерлерден алимент бойынша берешектің өндірілуі қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, қысқа мерзім ішінде борышкерден балаларды бағуға арналған, 2018 жылдан 2021 жылға дейін жиналып қалған 1,4 миллион теңге көлеміндегі алимент берешегі толықтай өндірілді. Аудан тұрғыны құқықтарын қалпына келтіруге көмектескені үшін прокуратура органдарының қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, облыс прокурорының атына алғыс хат жолдады.
Жалпы алғанда, енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде өндіріп алушылардың пайдасына 7 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Қабылданған шаралар алимент төлеу жөніндегі міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған.






