• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
08.08.2026, 03:19
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бәрін де Президентке жүктей беруге болмас

turan_admin turan_admin
26.01.2017, 19:11
Облыс жаңалықтары
Бәрін де Президентке жүктей беруге болмас
159
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Үстіміздегі жылғы 25 қаңтардағы Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін теледидар арқылы көріп, тыңдадық. Шын мәнінде де бұл ел өміріндегі айрықша елеулі маңызы бар оқиға.
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арналған Үндеуінде » Мықты президенттік билік мемлекеттің қалыптасу кезеңінде ауыр белестерді өткеру үшін аса қажет болды. Ол өз уақытында өзін-өзі ақтады. Біздің барлық жетістіктер осы жүйенің негізінде келді», — деп, билік тармақтарын үлестіру барысында 40-қа тарта президенттік құзыреттің Парламент пен Үкіметтің құзырына берілетінін жария етті.
Негізі, бұл реформа басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, Президенттің әлеуметтік экономикалық процестерді реттеудегі бірқатар өкілеттіктері Үкіметке, және басқа да атқарушы органдарға берілмек. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессиясының аяғына дейін енгізуі тиіс. Екінші, одан да күрделі міндет билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету.
Ендігі жерде Үкімет құруда Парламент рөлін, министрлердің депутаттар алдындағы жауапкершілігін күшейту аса маңызды. Парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия Үкімет құрамын жасақтауда шешімді түрде әсер ете алады. Осыған байланысты, енді Үкімет өкілеттігін бұрынғыдай Президент алдында емес, Парламент алдында тоқтатуы заңды болады.
Біздіңше, Конституция мен заңдарға ішінара өзгерістердің енгізілуі қоғам мен мемлекеттің алдындағы көптеген түйткілді мәселелердің оң шешілуіне де ықпал етпек. Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуді қарастыру ел дамуының жүйелі және заңды кезеңі іспетті. 25 жылда мемлекет болдық, талай жетістіктерге жеттік. Енді ел дамуының алдағы кезеңдерін ойластырған абзал. Үкімет пен министрліктер мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына жауапты болса, ал Парламент пен қоғам соны қадағалуы тиіс. Қазірі заман талабы осы. Жаңа мемлекет, жаңа қоғам, жаңа экономика осыны талап етеді.Мұны біз елімізде демократияның тереңдетілуіне батыл қадам жаслынуы, 5 реформа – «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының нақты іс жүзіне асырыла бастауы деп қабылдадық. Қалай болғанда да реформалар аяқсыз қалмауға тиіс.
Бір жағынан бәрін де Президентке сілтей беруге болмайды ғой. Елдегі бірді-екілі орын алған жайсыз оқиғалардың жаман аты Елбасыға келіп жатқанын естіп, жанымыз ауырған кездер болды. Атқарар жұмыс көп. Елбасы біреу, қалғанымыз оған тіреу болуды ойлауымыз керек қой. Жас мемлекетіміз бар-жоғы ширек ғасырдың ішінде жан-жақты қалыптасып, дамудың даңғыл жолына түсті. Тіпті әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарынан көрінуден де дәмесі бар. Ғаламдағы алға қойған мақсаты айқын, бағдары белгілі, өзіндік даму жоспары бар бір ел болса, ол да Қазақстан, біздің еліміз екенін мақтаныш та етеміз. Ендігі жерде шаңырағымызды шалқақ, босағамызды берік, Тәуелсіздігімізді тұғырлы, болашағымызды баянды ету өз қолымызда, ынтымақ пен бірлігімізге де байланысты. Президенттік мықты билік соның барлығына да қолымызды жеткізіп берді. Ендігі жерде Елбасы өкілеттіктерін бөлу әбден пісіп-жетілген мәселе деп санаймыз. Бұл өзгерістер мемлекеттің келешегі үшін де маңызды. Оған біз бек сенімдіміз.

Баймаханбет АХМЕТ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Тегтер: Баймаханбет АхметЕлбасыЖамбыл облысыПарламентҮкімет
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05
Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49
Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

07.08.2026, 17:22
Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43

90-нан аса елден 1900-ден аса жи-фильм Аstana ai film festival байқауына ұсынылды

07.08.2026, 18:11

Жамбылдық жас айтыскерлер мен жыршылар Алина Айдаралымен жүздесті

07.08.2026, 17:28

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.