• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 02:16
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
07.10.2026, 14:41
Жаңалықтар
Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті
9
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Әлімжеттік, салғырттық және билікті асыра пайдалану: статистика не дейді?

ҚР Әскери-теңіз күштерінің 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен «Хазар қорғаны — 2026» оқу-жаттығуы кезінде орын алған қайғылы оқиға ҚР Қорғаныс министрлігінің (ҚМ) басшылығына, сол сияқты жалпы әскери қызметті ұйымдастыру жүйесіне қатысты көптеген сауал туындатты. Қайықтан жағаға түсу барысында сарбаздардың арнайы теңіз құтқару жилеттері болмағаны белгілі болды. 14 адам қаза тапты, оның 12-сі — мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар. БАҚ-та жарияланған деректерге сүйенсек, қаза тапқан сарбаздардың әскердегі қызмет мерзімінің аяқталуына бар-жоғы 8 күн қалған екен. Бұл оқиғадан кейін Дәурен Қосанов бірден Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Оның орнына генерал-майор Айдос Мырзахметов тағайындалды. Енді жаңа басшыға сарапшылар бұрыннан айтып келе жатқан, кезек күттірмейтін армия реформасының жоспарын қысқа мерзімде әзірлеуге тура келеді. Сәуірдің аяғында біз бұл туралы жазып, ведомствода түбегейлі өзгерістердің қажеті жоқ деп сендірумен келген ҚР ҚМ шенеуніктерінің сөзін де келтірген едік.

Біз Қазақстандағы әскери қылмыстарға қатысты жағдайға талдау жасадық. Терең себеп-салдарлық сараптамаға бармай, тек қылмыстық істердің динамикасы мен зардап шеккендердің санына қарап-ақ соңғы жылдары қазақстандық армия ішіндегі мәселелердің тереңдей түскенін ұғынуға болады. Тіпті тікелей бағыныстылары керісінше баяндап отырса да, ведомство басшылары жағдайдың мүшкілдігін көрмеуі мүмкін емес еді. Осылайша қаралы оқиға орын алды. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (ҚР БП ҚСжАЕК) ашық дереккөздердегі мемлекеттік құпияға жатпайтын мәліметтерін ұсынамыз.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес 2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда 261 әскери қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді — бұл өткен жылдың сегіз айымен салыстырғанда 1,5 есеге көп. 2023 жылдан бастап олардың саны өсіп келеді. Көпжылдық динамика қаңтар–тамызда тіркелген мұндай қылмыстардың саны тіпті толық жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда да 2020 жылдан бергі ең жоғарғы шекке жеткенін көрсетеді. Ағымдағы жылдың сегіз айында қаралып жатқан әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 309-ды құрап, 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 48,6%-ға артты.

Қаңтар–тамыз айларында елімізде неліктен бұрын-соңды болмаған мөлшерде әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелгенін түсіну үшін біз ҚР ҚК «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» бөлімінің әрбір бабы бойынша деректерді ұсынғымыз келген еді. Алайда нақты 2026 жылдың қаңтар–тамыз айларындағы ҚР БП ҚСжАЕК есептеріндегі мәліметтер толық болмай шықты. Тіркелген 261 әскери қылмыстық құқық бұзушылықтың тек 47 жағдайы ғана егжей-тегжейлі жіктелген. Егер кейінірек ведомство мамандары есептерді толықтырса, біз бұл мәселеге қайта оралып, материалды жаңарта аламыз. Әзірге ағымдағы жылдың қаңтар–шілде айларындағы деректерге негізделген жағдайды қарастыруды ұсынамыз.

2026 жылдың алғашқы жеті айындағы құжатта «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» бөлімінің барлық негізгі қылмыстық баптары бойынша мәліметтер бар және өткен жылдың қаңтар–шілде айларымен салыстырғанда олар әжептәуір артқан. Әлімжеттік (жарғыдан тыс қарым-қатынас) жағдайларының саны 37%-ға өсіп, 74-ке жетті. Яғни айына кемінде 10 осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп отырған. Билікті асыра пайдалану деректері 49-дан 88-ге дейін, яғни 79,6%-ға көбейген. Қызметке салғырт қараудың ресми тіркелген жағдайлары 16-ны құрады — бұл өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда үштен бірге көп. Сонымен қатар, ішкi қызмет атқарудың немесе гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзудың 8 жағдайы, билікті теріс пайдаланудың 5 жағдайы, билік әрекетсіздігінің 2 оқиғасы тіркелді.

Қаңтар–тамыз айлары үшін егжей-тегжейлі статистиканың болмауы қазақстандықтардың қандай әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардан көбірек зардап шеккенін анықтауға мүмкіндік бермейді. Жалпы деректер мынадай көріністі аңғартады. Биылғы жылдың сегіз айында Қазақстанда 363 адам әскери қылмыстардың құрбаны болды. Бұл да өте ауыр көрсеткіш — тіпті толық жылдардың есептеріндегі деректермен салыстырсақ та, бұл 2020 жылдан бергі ең жоғарғы сан. Өткен жылдың қаңтар–тамыз айларымен салыстырғанда қылмыстың 2,5 есеге өскені байқалды.

Ең көп зардап шегетін осал топ – 20 жасқа толмаған қазақстандық жастар. Әскери қылмыс құрбандарының жартысынан көбі тұрақты түрде осы санатқа тиесілі. Егер 2020 жылы мұндай қылмыстардан осы жас санатындағы 42 адам (зардап шеккендердің жалпы санының 57,5%-ы) зардап шексе, 2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында бұл көрсеткіш 256 адамға (70,5%) дейін өсті. Бұл зардап шеккендер құрылымындағы теңсіздіктің күшейе түскенін көрсетеді.

Айта кетейік: ҚР БП ҚСжАЕК статистикасы қаза тапқандардың нақты санын емес, жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған қылмыстардың санын көрсетеді. 2026 жылы сегіз ай ішінде адам өліміне әкеп соқтырған осындай 8 оқиға тіркелді, ал Каспийдегі қайғылы жағдайды есепке алғанда, бұл көрсеткіш 9-ға жетіп отыр.

Мерзімді сарбаздар мен келісімшарттағы әскерилердің әскердегі қиындықтарға төтеп бере алмай, өз еркімен өмірмен қоштасу жағдайлары да тыйылар емес. Биылғы жылы жеті ай ішінде 6 әскери қызметші (3 келісімшарттағы әскери қзыметші мен 3 мерзімді сарбаз) өз-өзіне қол жұмсаған. Осы 6 қайғылы оқиғаның барлығында да қайғылы жағдайдың нақты себебі беймәлім күйінде қалды. Тағы үш әскери қызметші өз өмірін қимақ болғанымен, абырой болғанда, бұл тек өзіне қол жұмсауға әрекеттенумен шектелген. Оған итермелеген себептер қатарында жалғыздық сезімі, ауыр материалдық жағдай, ал бір оқиғада жұбайымен арадағы жанжал көрсетілген.

Көпжылдық деректерге сүйенсек, қазақстандық армияда жыл сайын 10-нан 20-ға дейін адам өз-өзіне қол жұмсап қаза тапса, 5-12 әскери қызметші суицидке әрекет жасайды.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41
Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43
Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00
Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.