• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
10.09.2026, 12:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан ЖИ қабылдау деңгейі жоғары елдердің қатарына енді

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
03.06.2026, 12:51
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан ЖИ қабылдау деңгейі жоғары елдердің қатарына енді
44
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

OpenAI делегациясының Қазақстанға сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен кездесу өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі. 

 

Тараптар жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуды, бірлескен білім беру бастамаларын іске асыруды, ChatGPT Edu құралдарын енгізуді, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен мамандар арасында ЖИ-ді пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған серіктестіктің алдағы бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында OpenAI өкілдері Қазақстанда ЖИ пайдаланылуы туралы сараптамалық деректерді ұсынды.

Еліміз жасанды интеллектті енгізу деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарына кіріп, Орталық Азияның басқа елдерінен айтарлықтай алда келеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, жаһандық рейтингіде Қырғызстан 52-орында, ал Өзбекстан жан басына шаққандағы ChatGPT тұтынушылық нұсқасын пайдалану бойынша әлемдік рейтингіде 58-орынға ие болды. Бұл нәтижелер қазақстандық қоғамның озық ЖИ-құралдарын іс жүзінде қолдануға барынша дайын екенін айғақтайды.

– Біздің жасанды интеллектті дамытудағы жүйелі бастамаларымыз ең алдымен қоғамның өзінің дайындығына арқа сүйейді. Зерттеу нәтижелері жаңа технологияларға деген қызығушылықты ғана емес, сонымен бірге жасанды интеллектті пайдаланудың орнықты тәжірибелік дағдыларының дамығанын да көрсетеді. Азаматтар қазірдің өзінде жасанды интеллектті білім алу, жұмыс міндеттерін орындау, ақпарат іздеу және контент жасау үшін өздерінің күнделікті өміріне белсенді түрде енгізіп жатыр. Мұндай жоғары енгізу деңгейі ЖИ-ді білім беруге, бизнеске және мемлекеттік басқаруға интеграциялау, сондай-ақ Қазақстанның өңірдегі технологиялық көшбасшылардың бірі ретіндегі позициясын нығайту үшін қажетті іргетасты қалайды, — деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

OpenAI білім беру саласындағы халықаралық бағытының жетекшісі Валери Фокке Қазақстан қазірдің өзінде жасанды интеллектті белсенді енгізіп жатқан елдердің бірі екенін айтты.

– Мұнда ChatGPT-ді пайдалану деңгейі халықаралық өлшемдер бойынша жоғары, жастар ЖИ-дің белсенді пайдаланушысы, ал жалпы алғанда технологияларды қолдану ерлер мен әйелдер арасында тең бөлінген. Келесі қадам – адамдарға жасанды интеллектпен бұдан да көп пайда алуға көмектесу. Сондықтан технологияларға қолжетімділік студенттер, оқытушылар және болашақ мамандарға нақты мүмкіндіктерге айналуы үшін, біз жауапты ЖИ-құралдарын педагогтарды даярлаумен, жергілікті енгізумен және нәтижелерді талдаумен ұштастыра отырып, білім беру бастамаларын іске асыруда Қазақстанмен ынтымақтастық орнатып отырмыз, — деді.

 

ChatGPT тұтынушылық нұсқасын пайдалану деректері негізіндегі Қазақстандағы ЖИ құралдарын қолдану талдауы:

Қазақстандықтар нейрожеліні көбінесе практикалық нұсқаулықтар алу (32,8%), мәтіндерді жазу және өңдеу (25%), сондай-ақ ақпарат іздеу (18%) үшін пайдаланады.

Хабарламалардың 42%-дан астамы сұрақтар немесе ақпарат беру туралы сұраныстар ретінде қалыптастырылады. Шамамен 32%-ы белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталса, 26%-ы өзін-өзі көрсетуге қатысты.

Енгізудің негізгі пайдаланушылары — жастар. 18-ден 24 жасқа дейінгі топ хабарламалардың 36,2%-ын, ал 25-тен 34 жасқа дейінгілер — 35,8%-ы. Жиынтықтап алғанда, 18-34 жас аралығындағы пайдаланушылар барлық сұраныстың 72%-ын қамтиды. Бұл ретте, жастар ЖИ-ді мәтіндермен және мультимедиамен жұмыс істеу үшін жиірек пайдаланса, 25-34 жастағы пайдаланушылар техникалық көмек алу үшін қолданады.

Әдетте ерлер мен әйелдерге тиесілі есімдері бар пайдаланушылар бірдей дерлік болып шықты.

Айта кетейік, OpenAI өкілдерінің бұл сапары Қазақстанның білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі ұлттық жоба аясында өтіп жатыр. Осы бастамаға сәйкес, еліміздегі 165 мың педагог арнайы білім беру ұйымдарына арнап әзірленген ChatGPT Edu нұсқасына қолжетімділік алады.

Жобаның технологиялық серіктесі — Bilim Group IT-холдингі. Компания OpenAI шешімдерін оқу процесіне кіріктірумен айналысады. Сонымен қатар еліміздегі мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні пайдаланудың әдістемелік тәжірибелерін әзірлеуге атсалысады. OpenAI делегациясының Қазақстанға сапары Bilim Group экожүйесіне кіретін Bilim UpSkill жобасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні оқыту ауқымы кеңейіп келеді. Енді мамандығына қарамастан барлық студент жасанды интеллект пәнін оқиды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

 

Тегтер: ChatGPTOpenAIжасанды интеллект
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Хиджабқа рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін – министр

Хиджабқа рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін – министр

10.09.2026, 09:00
Арыста мас күйде жүкті әйел мен 2 баласын қағып өлтірген мұғалімге қатысты үкім шықты

Арыста мас күйде жүкті әйел мен 2 баласын қағып өлтірген мұғалімге қатысты үкім шықты

09.09.2026, 18:00
Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хиджабқа рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін – министр

10.09.2026, 09:00

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32

Арыста мас күйде жүкті әйел мен 2 баласын қағып өлтірген мұғалімге қатысты үкім шықты

09.09.2026, 18:00

«Ясауи кесенесінің күмбезін шұғыл қорғау қажет: Реставрацияға қанша қаржы бөлінді?

09.09.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.