• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Сыртқы істер министрі Вьетнамға ресми сапармен барды

turan_admin turan_admin
19.08.2022, 12:00
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан Сыртқы істер министрі Вьетнамға ресми сапармен барды
115
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бұл елге сапары екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішінде алғаш рет болып отыр. Ханойға сапардың ресми бөлігі Хо Ши Мин кесенесіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Сапардың мақсаты соңғы онжылдықтар ішінде әлемдегі ең жоғары экономикалық даму қарқынымен ерекшеленетін дәстүрлі достас елмен серіктестік қатынастарды одан әрі дамыту болып табылады.

М.Тілеуберді ВСР Сыртқы істер министрі Буй Тхань Шонмен келіссөздер өткізіп, оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Тараптар екі елдің көпжоспарлы ынтымақтастығына жаңа серпін беруге, перспективада біртіндеп артықшылықты экономикалық әріптестік деңгейіне шығуға ниет білдірді. Вьетнам ү.ж. қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК саммитіне жоғары деңгейде қатысатынын растады.

Вьетнам тарапы қазақстандық делегацияның сапарына ерекше мән беріп, оған мемлекеттің жоғары басшылары — Президент Нгуен Суан Фукпен және Премьер-Министр Фам Бинь Тиньмен кездесу мүмкіндігін берді.

Вьетнам Президентімен кездесуде СІМ басшысы Вьетнамда жүргізіліп жатқан реформалардың қарқыны мен сапасын жоғары бағалап, сұхбаттасын Қазақстанды жаңғыртудың жаңа кезеңінің мазмұнымен таныстырды.

Екі ел арасындағы саяси ынтымақтастықтың даму динамикасын ескере отырып, М.Тілеуберді жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстардың жандануын жақтады. Сұхбат барысында Президент Нгуен Суан Фук Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға алдағы ресми сапарын мазмұнды толықтыру жөнінде тапсырма берді.

Вьетнам Премьер-Министрімен кездесу екіжақты қарым-қатынастардың экономикалық күн тәртібіне арналды. Тараптар өзара сауда мен инвестициялардың өсуіне, экономиканың түрлі секторларында кооперацияны дамытуға бағытталған мақсатты күш-жігердің қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, М.Тілеуберді Өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Диенмен келіссөздер жүргізді, онда ү. ж. қыркүйекте Ханой қаласында өтетін алдағы Үкіметаралық комиссия отырысының тақырыбы талқыланды.

Қазақстан делегациясының құрамында болған «Астана»
Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Вьетнамның Қаржы министрлігінің, Вьетнамның даму банкінің, сондай-ақ POCO компаниясының басшылығымен кездесулер өткізіп, олардың барысында қаржы және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Сапар аясында М.Тілеуберді Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттейтін вьетнамдық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

«Crystal Bay» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Нгуен Дык Чимен әңгіме барысында туристік саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Duc Giant Chemicals Group» корпорациясының басшысы Дао Хыи Хуен химия өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

«Thai Binh Seed» Вьетнамдағы күріш өсіру саласындағы жетекші институттың бас директоры Чан Мань Бао Вьетнамда өсірілетін, аз мөлшерде суаруды қажет ететін күріштің жаңа сорттарының тиімділігі туралы айтты. «Vietjet» әуе компаниясының вице-президенті Нгуен Тхань Хунгпен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Алматы — Нячанг және Нұр-Сұлтан — Нячанг бағыттары бойынша рейстер іске қосылады.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің Ханойдағы кездесулері өзара тиімді ынтымақтастық пен көпжылдық достық қарым-қатынастарды нығайтуға өзара ниетін растады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.