• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ауылдың кіндік шешесі

turan_admin turan_admin
15.06.2021, 21:36
Қоғам
Ауылдың кіндік шешесі
187
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ауылдағы ағайын әлі күнге ол кісіні «Біздің дәрігер» деп атайды. Әлі күнге дейін басы ауырып, балтыры сыздай қалса, кеңесін сұрап, көмегіне жүгініп жүргені. Медицинада терең біліммен бірге ұзақ жылғы тәжірибенің де рөлі зор екенін осындайда байқайсың.

Келіскүл Мейманханова — Көкдөнен ауылында сол кездерде туылғандардың барлығының дерлік кіндік шешесі. Кезінде Құмарық, Жақсылық, Көкдөнен елді мекендеріне жауапты жалғыз акушер-фельдшер,
әрі ауылдық медпунктің меңгерушісі болып жұмыс істеп жүргенде таудағы, құмдағы малды ауылдарды аралап, медициналық көмек көрсеткен.

Сондықтан, тек бір ғана емес, қасындағы басқа да осы ауылдарда босанған әйелдерді аман-есен тудырып, нәрестелерінің кіндігін кескен акушер-дәрігер. Жасаған ем-домы шипа болған жанның жақсылығын тұрғындардың әлі к.нге дейін ұмытпай жүргені де содан. Шопандардың әйелдерін аудан орталығына жеткізіп, үлгермесе киіз үйде босандырып, қаншама сәбидің кіндігін кескен акушердің осылайша талайға шарапаты тиген.

Келіскүл Мейманханова – өзі де көп балалы ана. Жеті баланы өмірге әкеліп, ғұмыр берген алтауын өсіріп-жеткізіп, солардан немере-шөбере сүйіп отыр. Бүгінде жасы 80-ге келсе де, алдына келген көңілі сынық науқас жанға көмек көрсетуден аянып қалмайды. Осы салада 40-жылдан астам қызмет еткен маманның есімін кеңестік кезеңнің ең мықты мамандардың тізімінен таба аласыз. Адал еңбек әділ бағаланатын кезеңде Мәскеуде басылып шыққан Алтын кітапқа екінің бірінің аты жазыла бермесі анық. Кеңес дәуірі кезінде-ақ оған Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісі берілген. Ауданның Құрметі азаматы ретінде аудандағы келелі мәселелерге де ат салысып, күрделі мәселелердің оң шешілуіне септігін тигізіп келе жатқан жандардың бірі. Бүкіл еңбек жолын ана мен бала денсаулығына арнаған ардагерге әлі де ауылдағылар балаларын әкеліп, ем-домын алып, үлкендері де шипа алуға ынтызар болып тұрады.

— Бұрынғылардан қалған сөз бар ғой, «Жас кезінде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Қажыр – қайратын бар да соның мәнісіне жете бермейді екенбіз. Жасын ұлғайғанда кезінде жасағанын алдыңнан шығады екен, жақсылығың көп болса – көрер зейнетін сол. Құдайға шүкір, бір жерге бара қалсам, барлығы амандасып, жағдайымды сұрап жатады. Кезінде көрсеткен ем-домымнан жағдайы жақсарып кеткендер ризашылықтарын білдіріп жатады. Маған осыдан артық қандай марапат керек, — дейді ол.

Бағалай білген кісілерге медицина қызметкерлерінің тұғыры таймас биік тұлға. Жалпы, медицина қызметкері болу — адамға жарық сыйлау деген сөз іспетті. Сондықтан, қанша жасқа келсе де, жасаған ем-домынан шарапат алып, жылы да мейірімді сөзінің өзінен шипа тапқандай әсер алып жүрген жандардың қамқоршысы, ардагер-дірігерлер аман болсын деп тілейік. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

«Сайлау қорытындыларына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

24.08.2026, 15:50
«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

21.08.2026, 20:05
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.