Өмірбаяны
Сырлыбаев Асқар Бахытұлы 1982 жылғы 15 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Аса ауылында дүниеге келген.
1999 жылы Аса ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепті бітірген.
2003 жылы Жамбыл көпсалалық политехникалық колледжін «Автомобиль техникасын жөндеу және қызмет көрсету» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Тарих және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолы
2007–2020 жылдары Жамбыл аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, сондай-ақ аудандық тарихи-өлкетану мұражайында ескерткіштерді қорғау инспекторы болып қызмет атқарған.
2020 жылдан бері Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры қызметін атқарады.
2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы
Асқар Сырлыбаевтың сайлауалды бағдарламасы «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген.
Кандидаттың айтуынша, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін жолдарды жөндеу, ауызсу мен электр энергиясының тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және жастарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.
Бағдарламада тоғыз негізгі бағыт белгіленген.
1. Жолдар мен көлік қатынасын жақсарту
Гродеково ауылындағы көшелерге ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету көзделген.
Сонымен қатар ауылішілік көлік қатынасын жақсарту, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз ету және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу жоспарланған.
Көлік қозғалысының қарқындылығын ескере отырып, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында көшелерге бейнебақылау камераларын орнатуға ықпал ету ұсынылған.
2. Ауызсу, электр энергиясы және коммуналдық инфрақұрылым
Ауылдағы жеке тұрғын үйлерде ауызсу қысымына байланысты туындаған мәселелерді шешу, тозған инженерлік желілерді жөндеу бағдарламаның басым міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген.
Сондай-ақ тұрғындарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейту көзделген.
3. Қолжетімді несие және ауыл кәсіпкерлігін дамыту
«Ауыл аманаты» және «Іскер аймақ» бағдарламалары аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу жоспарланған.
Бұл бағытта жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға қолдау көрсету көзделген.
Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттырып, ауыл тұрғындарының жеке кәсіп ашуына ықпал ету міндеті қойылған.
4. Ауыл шаруашылығын қолдау
Ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылған.
Бағдарламада ауыл шаруашылығы өнімдерін көтерме бағамен өткізу үшін онлайн сату жүйесін қалыптастыруға ықпал ету де қарастырылған.
Бұл бастама жергілікті шаруалардың өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
5. Жаңа жұмыс орындары және тұрғындардың табысы
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсету жоспарланған.
Сондай-ақ тұрғындарды, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралардың іске асуына жәрдемдесу көзделген.
6. Заманауи мектептер және балаларға қолайлы жағдай
Мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға ықпал ету бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі ретінде белгіленген.
Сонымен бірге білім беру ұйымдарына апаратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударылған.
7. Әлеуметтік қорғау және отбасыларды қолдау
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға күш салу көзделген.
Кандидат әлеуметтік қолдауға мұқтаж тұрғындардың мүдделерін қорғауды және олардың әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуіне жәрдемдесуді міндеттерінің бірі ретінде көрсетеді.
8. Жастарды қолдау
«Жасыл ел» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары аясында жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету жоспарланған.
Сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыру және қолданыстағы спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру көзделген.
9. Таза әрі абаттандырылған ауылдар
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау, ауылдардың экологиялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі болып саналады.
Ауылдарды таза, абаттандырылған және тұрғындарға қолайлы елді мекендерге айналдыруға ықпал ету жоспарланған.
Кандидаттың ұстанымы
Асқар Сырлыбаев өз бағдарламасында әр тұрғынға әділ қарау, әр ауылдың жағдайын ескеру, адал еңбекті бағалау, халықпен ашық байланыс орнату және тұрғындардың мүддесін қорғау қағидаттарын басшылыққа алатынын атап өтеді.
Оның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтар — ауыл инфрақұрылымын жаңарту, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту, білім беру мен әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту, жастарды қолдау және ауылдарды абаттандыру.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: А.Б. Сырлыбаев.
№7 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







