• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Аргентинада Димаштың құрметіне музыкалық кабинет ашылды

29.04.2026
0
Аргентинада Димаштың құрметіне музыкалық кабинет ашылды
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аргентинадағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері музыкалық аспаптарға мұқтаж білім беру ұйымдарын қолдауға бағытталған жаңа қайырымдылық бастамаға мұрындық болды. Бұл туралы Dimashnews.com сайты жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі.

Жобаның мақсаты — балаларға музыкамен айналысуға мүмкіндік беру, олардың шығармашылық әлеуетін ашу және өзге елдердің мәдениетімен таныстыру.

Аталған акцияның алғашқы нысандарының бірі Мар-дель-Плата қаласындағы генерал Хосе де Сан-Мартин атындағы № 5 бастауыш мектеп болды. Музыкалық аспаптарды табыстау мақсатында жанкүйерлер қауымдастығының қатысушылары 400 километрден астам қашықтықты еңсерді.

Іс-шара аясында оқушыларға, ата-аналарға және педагогтерге арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, онда қонақтар Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолы туралы баяндап, қатысушыларды Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстырды. Сонымен қатар, мектепте ұлттық киімдер, ақпараттық материалдар және таныстырылым стендтері қойылған тақырыптық көрме ашылды.

— Бұл күннің ең әсерлі сәттерінің бірі — мектеп әкімшілігінің музыкалық кабинетті Димаш Құдайбергеннің құрметіне атау туралы шешімі болды. Бұл — сирек әрі символдық оқиға, себебі Аргентинадағы білім беру мекемелерінде әдетте атақты тұлғалардың есімдері қайтыс болғаннан кейін беріледі. Аталған жағдайда өнерпаздың халықаралық мәдениетке қосқан үлесін мойындау белгісі ретінде ерекше шешім қабылданды, — деп жазды сайт.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, бұл бастама елдің өзге де білім беру ұйымдарында жалғасын табады. Олардың пікірінше, музыка адамдарды біріктіріп, балаларды шабыттандырып, халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайта алады.

Жоба Аргентинадағы Димаш Құдайберген жанкүйерлері мен «La Era Dimash» командасының қолдауымен жүзеге асырылды. Кездесу соңында мектеп өкілдері қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

 

Тегтер: Аргентинаарнайы кабинетДимаш Құдайберген

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты