Сайлауға қаратаулықтардың 58,68% тұрғындары қатысты.
Сайлау нәтижелері бойынша кандидаттар келесідей дауыс алды:
Дархан Тобашұлы Байымбетов — 77,08% (7 386 дауыс);
Жарқынбек Үсенғалиұлы Оразымбетов — 14,22% (1 363 дауыс);
Өксікбай Ақниет Жомартұлы — 8,69% (833 дауыс);
Барлығына қарсы 0,54% (52 дауыс).
Баймбетов Дархан Тобашович
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының әкімі
Жалпы ақпарат, білімі
Баймбетов Дархан Тобашұлы
Қаратау қаласының әкімі
1979 жылы 10 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында, Ақтоғай ауылында дүниеге келген.
2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын экономист, 2012 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
1999-2002 жылдары Ақтоғай орта мектебінің мұғалімі.
2003-2008 жылдары Облыстық «Халық тәлімі» газетінің Талас ауданындағы меншікті тілшісі.
2008-2010 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері.
2010-2013 жылдары «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагерінің директоры.
2013-2016 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылдық округінің әкімі.
2016-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігін арттыру мектебі» әдіскері.
2017-2018 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің әкімі.
2018-2019 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданындағы «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагерінің директоры.
2019-2021 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің әкімі.
2021 жылдың 6 қазанынан — 29 қарашасы дейін Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің орынбасары.
2021 жылдың 29 қарашасынан бастап Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі.
2025 жылдың 16 қарашасында Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі болып сайланды








