• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа бастамаларды қолға алды

Қазіргі қоғамда жұмысшы әйелдердің рөлі ерекше. Олар тек отбасының ғана емес, тұтас қоғамның тірегі саналады.

turan_admin turan_admin
21.08.2025, 14:51
Азаматтық қоғам институттары
«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа бастамаларды қолға алды
67
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сондықтан әйелдер үшін қолайлы еңбек жағдайын жасау — мемлекет пен қоғам алдындағы ең өзекті әлеуметтік міндеттердің бірі болып отыр.

Осы мақсатта «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты арнайы бастама көтеріп, орта және ірі кәсіпорындардағы еңбек жағдайын зерделеу жұмыстарын бастап кетті. Зерттеу барысында өндіріс орындарында жұмыс істейтін әйелдердің жағдайына, еңбек қауіпсіздігіне, әлеуметтік қолдауға және кәсіби дамуына баса назар аударылуда. Бұл жұмыс тек жағдайды бағамдаумен шектелмей, нақты ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Алдағы уақытта «Әйелдерге қолайлы кәсіпорын» атты арнайы стандарт енгізіліп, өндіріс орындарында еңбек етіп жүрген әйелдердің құқығын қорғауға және әлеуметтік тұрғыдан қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

Жамбыл облысында бұл бастама аясында 24 кәсіпорынға кешенді зерделеу жұмыстары жүргізілді. Өңірлік Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова жұмысшы әйелдермен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тікелей тыңдады. Әсіресе Тараз қаласындағы «Казфосфат» ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауыты, «ТаразЭнергоОрталығы» АҚ және «Жамбыл жылу» кәсіпорындарындағы кездесулерде бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әйелдер үшін белгілі бір қолайлы жағдайлар қарастырылғанымен, шешімін күткен түйткілдер де жоқ емес. Жұмысшылар тарапынан икемді жұмыс кестесін енгізу, тұрақты медициналық тексерулерді күшейту, әйелдердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды кеңейту секілді ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, ауыр өндіріс саласында еңбек етіп жүрген әйелдер үшін зейнет жасын төмендету мәселесі де жиі көтерілді. Бұл – олардың денсаулығын сақтау мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды қадамы ретінде бағалануда.

«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының өкілдері бұл ұсыныстарды назарға алып, алдағы уақыттағы арнайы стандарт жобасына енгізуді жоспарлап отыр. Осылайша, әйелдердің жұмыс орнында өздерін еркін әрі қауіпсіз сезінуі, әлеуметтік қолдау тетіктеріне қол жеткізуі партияның басты мақсатына айналмақ.

Жұмысшы әйел – отбасының ғана емес, елдің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығының да негізгі тірегі. Сондықтан оларға қолайлы еңбек жағдайын жасау, денсаулығын қорғау, кәсіби әлеуетін арттыру – тек партияның емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпраат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде дайындалды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.