• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті

turan_admin turan_admin
04.07.2025, 14:11
Азаматтық қоғам институттары
«AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды
33
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Гүлдара Нұрым арнайы қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың есепті баяндамасы тыңдалып, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.

Айта кету керек, биылғы жылы партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасындағы 78 көрсеткіштің 11-і толық орындалған. Ал 46 көрсеткіш бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қалған көрсеткіштердің жыл соңына дейін жүзеге асырылуы жоспарланған.

– «Ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағыты аясында биыл 270 млн теңгеге екі жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жобалар жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, суармалы жерлердің көлемі 184,5 мың гектарға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Сапалы тұқымдарды субсидиялауға бөлінген 700 млн теңгенің 39 млн теңгесі игерілді. Бұдан бөлек, 453 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен 99,7 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау жөнінде 47 тауар өндіруші және 243 сауда нысанымен меморандум жасалды. Жыл басынан бері 51 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Ал «Жаңа жұмыс орындарын құру» бағыты бойынша есепті кезеңде 12,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, субсидияланатын және бос жұмыс орындарына 12,9 мың азамат жұмысқа орналасты, оның ішінде 4,2 мыңы — жастар, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Сәбитұлы «Кәсіпкерлерді қолдау» міндеті бойынша да нақты нәтижелерге тоқталды. Оның айтуынша, өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 106,4 мың бірлікті құрап, жоспар 9,7%-ға артығымен орындалған. Бұл секторда жұмыспен қамтылғандардың саны 166,3 мың адамға жеткен.

Сонымен қатар, ол Жол картасы аясындағы «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту», «Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қолжетімділігін арттыру», «Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін көбейту», «Денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін кеңейту» және «Мәдени нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету» бағыттарында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен де бөлісті.

Жиын барысында инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм және халықты жұмыспен қамту бағыттарындағы жұмыстар да сөз болды. Бұл бағыттардағы жобалардың орындалуы фракция мүшелерінің тұрақты бақылауында болмақ.

Сонымен қатар, отырыста фракция мүшелері Андрей Савченко, Ерұлан Мағзымбеков және Эльмира Қойлыбаева депутаттық мандат аясында атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Олар өз сайлау округтеріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, жергілікті билік пен халық арасында тиімді байланысты қамтамасыз етіп келе жатқанын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өз сөзінде:  

«Жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарын партиялық бақылауда ұстау — басты міндетіміз. Бұл бағытта фракция мүшелерін, партиялық бақылау комиссиясы мен партия белсенділерін кеңінен жұмылдырып, тұрақты мониторинг жүргізу қажет. Қорыта айтқанда, алдымызда тұрған ең маңызды міндет — халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан баршамыз халық сенімін ақтап, абыройлы әрі нәтижелі жұмыс істеуге күш салуымыз керек», – деді.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.