• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«AMANAT» партиясы балалардың мектепке дайындығына жан-жақты қолдау көрсетуде

Жаңа оқу жылы – әрбір отбасы үшін ерекше кезең. Әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және қиын өмірлік ахуалда өмір сүріп жатқан отбасылар үшін мектепке бала дайындау айтарлықтай қиындықтар тудыратыны жасырын емес.

turan_admin turan_admin
21.08.2025, 15:11
Азаматтық қоғам институттары
«AMANAT» партиясы балалардың мектепке дайындығына жан-жақты қолдау көрсетуде
53
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осындай сәтте қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алып, көмекке қол созу – үлкен адамгершіліктің белгісі. Осы тұрғыда «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Баланы мектепке дайындайық» республикалық акциясы өзінің ізгілікті дәстүрін жалғастырып отыр.

Бұл акция партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асып, мыңдаған отбасының қуанышы мен үмітіне айналды. Негізгі мақсаты – әлеуметтік осал топтағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету. Игі іс-шара барысында оқушыларға мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, түрлі оқу құралдары табысталып, олардың жаңа білім жылын алаңсыз әрі толық дайындықпен бастауына жағдай жасалуда.

Мұнымен шектелмей, партия мүшелері мен еріктілер тек материалдық көмекпен ғана емес, сонымен бірге отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, қажетті әлеуметтік қолдауларын көрсетуде. Бұл – «AMANAT» партиясының қоғам алдындағы шынайы қамқорлығы мен жауапкершілігін айқындайтын қадамдардың бірі.

Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында аталған акция Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында ерекше қарқын алды. Атап айтқанда, Байзақ, Меркі, Жуалы және Сарысу аудандық филиалдары игі бастамаға белсене атсалысып, көптеген отбасыға қуаныш сыйлауда. Жалпы шараға облыстық және аудандық филиалдар, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен демеушілер де тартылып, әлеуметтік әріптестік пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсетуде.

Жамбыл облыстық филиалының жоспарына сәйкес, биыл 3 мыңнан астам оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі таңда 246 әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы 337 балаға сөмке, форма, аяқ киім мен оқу құралдары беріліп үлгерді. Бұл көрсеткіштің алдағы уақытта еселеп артып, одан да көп балаға қуаныш сыйлары сөзсіз.

Осындай қайырымдылық шаралары тек балалардың жүзіндегі қуанышты күлкіні көбейтіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдағы өзара қолдау мәдениетін нығайтып, мейірім мен қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. «AMANAT» партиясының бұл бастамасы – әлеуметтік әділдікті орнатуға, әлсізге сүйеу болуға бағытталған ізгілікті қадам.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жүзеге асқан бұл акция – тек қана материалдық көмек емес, ол балаларға сенім сыйлап, олардың болашағына жол ашатын шынайы қамқорлықтың көрінісі.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпраат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде дайындалды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.