Үш ауылдың жолы, жаңа жұмыс орындары және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – 9 басымдық
Өмірбаяны
Стамқұлов Алтай Әбдіжапарұлы 1986 жылғы 24 мамырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Шайқорық ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
2003–2007 жылдары Тараз политехникалық колледжінде «Қаржы және аудит» мамандығы бойынша білім алған.
2007–2010 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша оқыған.
2011–2013 жылдары аталған университетте «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы және қоғамдық қызметі
Алтай Стамқұлов еңбек жолын 2010 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Жастар практикасы» жобасы арқылы бастаған.
2010–2012 жылдары Тараз қаласындағы жүйке аурулары интернат үйінде есепші-кассир және мемлекеттік сатып алу менеджері болып жұмыс істеген.
2013–2016 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2016–2017 жылдары осы орталық директорының орынбасары, ал 2017–2018 жылдары директоры болған.
2018–2023 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметін атқарған.
2023 жылдың шілде айынан бастап Жамбыл облысы Еңбек мобильдігі орталығының Жамбыл аудандық Мансап орталығы филиалының директоры қызметін атқарып келеді.
Жамбыл аудандық мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты болған.
2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы
Алтай Стамқұловтың сайлауалды бағдарламасы «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген.
Бағдарламада Айшабибі, Бәйтерек және Әулиекөл ауылдарының жолдары мен коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, медицина мен білім беру нысандарын дамыту, әлеуметтік қорғау, жастарды қолдау және елді мекендерді абаттандыру мәселелері қамтылған.
1. Жолдар мен көлік қатынасы
Кандидат аудандық маңызы бар «Айшабибі – Қаратау» автомобиль жолының 0–10,5 шақырым аралығынжәне «Айшабибі – Әулиекөл» автомобиль жолының 0–7,195 шақырым аралығын орташа жөндеуден өткізуге ықпал етуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар Айшабибі, Бәйтерек және Әулиекөл ауылдарындағы көшелерді орташа және күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтеруді көздейді.
Аталған ауылдар арасындағы көлік қатынасын жақсарту, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз ету және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу де бағдарламаға енгізілген.
2. Ауызсу, электр энергиясы және коммуналдық инфрақұрылым
Айшабибі, Бәйтерек және Әулиекөл ауылдарындағы сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 2,6 пайызға дейін төмендетуге ықпал ету міндеті белгіленген.
Сонымен қатар тұрғын үйлерді электр энергиясымен, ауызсумен, кәріз және газ жүйелерімен қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру жобаларын қолдау көзделген.
3. Қолжетімді несие және ауыл кәсіпкерлігін дамыту
«Ауыл аманаты» және «Іскер аймақ» бағдарламалары аясында 2031 жылға дейін ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік жобаларын қолдауға ықпал ету жоспарланған.
Жеңілдетілген несиелер арқылы ауылдағы шағын және отбасылық бизнесті дамытуға жәрдемдесу бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі ретінде көрсетілген.
4. Жаңа жұмыс орындары және тұрғындардың табысы
Шағын бизнесті дамыту және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсету көзделген.
Сондай-ақ халықты жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралардың іске асуына жәрдемдесу жоспарланған.
Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар арқылы отбасылық бизнесті дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ету ұсынылған.
5. Қолжетімді әрі сапалы медицина
Ауылдардағы дәрігерлік емханалар мен медициналық пункттерді ағымдағы жөндеуден өткізуге және олардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға ықпал ету көзделген.
Сонымен бірге бейінді дәрігерлер қызметінің және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылған.
6. Заманауи мектептер және балаларға қолайлы жағдай
Айшабибі және Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға жәрдемдесу жоспарланған.
2027–2029 жылдары мектептерге апаратын жолдарды ретке келтіру, балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру көзделген.
Бағдарламадағы ерекше міндеттердің бірі – Айшабибі орта мектебінің кітапханасын автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (АЖКЖ) қосуға ықпал ету.
Бұл бастама кітапхана қорын жүйелі басқаруға, оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамытуға және білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
7. Әлеуметтік қорғау және отбасыларды қолдау
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету жоспарланған.
Сонымен қатар әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту және мемлекеттік мекемелерде кедергісіз орта қалыптастыруға жәрдемдесу көзделген.
8. Жастарды қолдау
«Жасыл ел» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары аясында жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету көзделген.
Сонымен бірге жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыру және қолданыстағы спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру жоспарланған.
9. Таза әрі абаттандырылған ауылдар
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау және елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал ету көзделген.
Ауылдарды таза, абаттандырылған әрі тұрғындарға қолайлы мекенге айналдыру, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі ретінде белгіленген.
Кандидаттың ұстанымы
Алтай Стамқұлов депутаттық қызметтің басты нәтижесі халықтың күнделікті өміріндегі нақты өзгерістер болуы тиіс деп есептейді.
Оның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтар – ауыл жолдарын жөндеу, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, тұрақты жұмыс орындарын ашу, білім беру мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және жастарға мүмкіндік жасау.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: А.Ә. Стамқұлов.
№9 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







