• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 05:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қайтарылған активтер туралы Берік Асылов олигархтармен жасалған келісімдер жайлы айтты

Бас прокурор Берік Асылов X желісінде (бұрынғы Twitter - еск.) елге қайтарылған активтер туралы жазба жариялады

turan_admin turan_admin
20.09.2025, 12:47
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Қайтарылған активтер туралы Берік Асылов олигархтармен жасалған келісімдер жайлы айтты
21
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Асыловтың айтуынша, қысқа уақыт ішінде прокуратура органдары ауқымды жұмыс атқарған.

«Бұған дейін мұндай көлемдегі қаражат осындай қысқа уақытта бұрын-соңды қайтарылған емес. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды іске асыру аясында олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілді, оның шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түсті. Қайтарылған қаражат есебінен жалпы сомасы 375 млрд теңгеге 207 су құбыры нысанының, 177 медициналық мекеменің, 14 білім беру және спорт нысанының құрылысы басталды», — деді ол.

Олигополия субъектілерімен келісімдер жасалып, олар елге 5,2 трлн теңге инвестиция салу жөнінде міндеттемелер қабылдады. Бұл қаражатқа Алматыда жаңа туристік кешен, көлік-логистикалық орталықтар мен өңірлерде зауыттар салынбақ.

«Мысалы, тау-кен байыту комбинаты салынып, 3 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады, табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу артады. Бұл өз кезегінде елдің экспорттық әлеуетін нығайтып, салық түсімдерін көбейтеді», – деп жазды Бас прокурор.

Бұған қоса, жалпы сомасы 122 миллиард теңгеге 16 мектеп пен балабақша, 8 дәрігерлік амбулатория мен аурухана, 13 спорт кешені және 16 мәдени-демалыс нысаны салынатын болады. Бұл 8 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Асыловтың айтуынша, аталған жобалардың жүзеге асуына қадағалау органы қатаң бақылау жасайды.

Сондай-ақ, бас прокурор Заңсыз активтерді қайтару комитетінің Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне трансформацияланатынын айтты. Оның басты мақсаты – елге қаржы тартуды ынталандыратын жүйе қалыптастыру және әрбір инвестор үшін түсінікті әрі болжамды инвестициялық климат қамтамасыз ету.

«Жалпы бұл бағытта жүйелі жұмыс жүріп жатыр – халықаралық құқықтық байланыстар кеңейтіліп, цифрлық құралдар жетілдіріліп жатыр. Жақында мен Сингапурмен құқықтық келісімдерге қол қойдым, сондай-ақ әлемнің ірі қаржы орталықтарымен жаңа жобалар қарастырылып жатыр. Қазірдің өзінде инвестицияларды қорғау прокуратура жұмысының негізгі бағытына айналды. Бүгінде прокурорлар жалпы құны 87 триллион теңге болатын 1,5 мыңнан аса инвестжобаны сүйемелдеп отыр», – деді Берік Асылов.

Бас прокурордың пікірінше, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті экономиканы нақты ақшамен, соның ішінде инвестициялар түрінде толықтыру үдерісін жеделдетуге және бизнесті сенімді қолдауға көмектеседі.

Тегтер: Берік Асылов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41
Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.