Халықтың рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру мақсатында облысымызда бірқатар шаралар іске асырылуда.
Атап айтқанда, Ағымдағы жылы Қордай ауданы Әлжан ауылындағы мәдениет үйі қайта жаңғыртылып, Әлжан ана ауылының музейі ашылды. 2017 жылы құрылысы басталған, жобалық-сметалық құны 214,6 мың теңгені құрайтын Шу ауданы Шоқпар ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб ғимараты қазан айында пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, 2018-2020 жылдарға арналған елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасы жасалды.
Аталмыш қартада мәдениет ошақтарының жай-күйін талдай келе, 2019-2025 жылдар аралығында 40 клуб ғимаратын кезең-кезеңмен соғу жоспарланып отыр (ыңғайластырылған және мүлдем клубы жоқ 10 елді мекенде 2019 — 2021 жж. 26 клуб, 2022-2025 жылдар аралығында 14 клуб соғу жоспарланды).
Облыстағы мәдениет мекемелерін оңтайландыру барысында 61 мекемені (оның ішінде 11 нормативке сәйкес келмейтін клуб мекемелері, 18 жеке меншікте орналасқан кітапханалар, 22 киноқондырғы мен 10 бейнемобиль) қысқартуға ұсынылып, басқармаға қарасты 12 архив, 3 кітапхана есеп санақ бөлімдерін орталықтандыру жолымен оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 49 941,0 мың теңге үнемделеді. Облыстағы барлығы 549 мекеменің оңтайландырудан кейінгі 488 мекеме халыққа мәдени қызмет көрсететін болады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында да өңірлік бағдарламаға сәйкес Жамбыл облысының мәдениет саласында да бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Соның ішінде, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы» базалық бағыттарына сәйкес мәдениет саласы бойынша 7 жоба, 2 іс-шара енгізілген.
Бекітілген реестр бойынша 2018 жылы 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Жоспарланған қаржы – 86,5 млн. теңге.
(Олар: Алтынбек Қоразбаев атындағы «Ән жырым саған, туған ел!» ән кеші, «Домбыраның қос ішегі» Ә.Желдібаев пен А.Бетпаевтың шеберлік сыныбы, «Ұрпақтар сабақтастығы: тарих пен болашақ Жамбыл суретшілерінің көзімен» байқауы, Ақындар айтысы, «Өлең мен әуен әлемі» жерігілікті ақындар мен сазгерлердің шығармашылық кеші, «Әлемді кітап арқылы танимын» облыстық әдеби конкурс, «100 кітап» әлемдік және қазақстандық классиктердің кітаптарын оқыту бойынша жоба, «Өз өлкеңді тани біл және сүй» жобасы, «Музей барлығы үшін» жобасы, «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» жобасы, «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар» жобасы, «Әулиеатаның киелі жерлерінің картасын әзірлеу» жобасы, «Тараз көктемі» эстрада және джаз музыкасының фестивалі, «Әуені әсем Әулиеата» атты музыкалық жинағын шығару).
2018 жылғы 18 сәуірде бағдарлама аясында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Рухани қазына» фестивалі өтті. Үздік деп танылған ұжымдар 21-22 мамырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Рухани қазына» І республикалық фестиваліне қатысты.
Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне облыстан 8 тарихи-мәдени ескерткіш, өңірлік қасиетті орындарының картасына Жамбыл облысынан 27 ескерткіш іріктеліп, «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітаптарына енгізілді.
Биылғы жылы «Әулиеатаның қасиетті жерлерінің картасы» жобасы іске асырылады. «Әулиеатаның киелі жерлері» атты арнайы сайт ашылып, виртуалды онлайн карта жасалмақ. Мультимедиялық өнімдер, карта және 3 тілде кітап-альбом шығарылады, ғаламтор желісіне «Сакралды картаның» 3D форматы енгізіледі.
Әулиеата өңірінен шыққан біртуар ұлт перзенттері мен ақын-жыршы, батырлардың есімін ұрпақ жадында жаңғырту, өскелең ұрпақты салт-дәстүрімізді сақтап қалуға бағыттау мақсатында «Әулиеата өңірінің көптомдық әдеби энциклопедиясын» сериялармен шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Көптомдық энциклопедияның «Әулиеата батырлары» , «Әулиеата ақындары» (Антология), «Әулиеата айтыстары», «Әулиеата би-шешендері», «Әулиеата — жырдың кені» атты алғашқы 5 томын шығару үшін биылғы жылы 13,0 млн. теңге қаражат қаралып отыр. Қалған томдарын шығару 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.
Сондай-ақ, «Әулиеатаның музыкалық мұрасы» атты дискілер шығару, облысымызда ақындар мектебін ашып, айтыс өнерін дамыту бойынша кешенді жұмыстар белгіленді.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Электронды архив» бағдарламасын енгізу үшін 15 млн. теңге бөлінді. Бағдарлама аясында халқымыздың тұрмыс-тіршілігін көрсететін, тарихымыздан сыр шертетін, еліміздің қасиетті де қастерлі ұлттық кодымыздың бірі — құнды жәдігерлерге және халықтың архивтік қызметті алу процесіне қолжетімділігі артады.
Ауыл кітапханаларын жаңғырту, оларға келушілерді көптеп тарту мақсатында кітапханаларда цифрландырылған ақпараттық орталықтар, коворкинг-орталықтар ашу жұмыстары қолға алынып, шалғай ауыл тұрғындарының электрондық үкімет порталының қызмет түрлерін алуға мүмкіндік беретін Цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылуда. Мысалы, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Қордай ауданы Әлжан ана, Байзақ ауданы Түймекент, Дихан және Сарысу ауданы Жайылма ауылдарында осындай орталықтар іске қосылды.
Жуалы, Меркі аудандары, мен Тараз қалалық кітапханаларында коворкинг-орталықтар ашылды.
2020 жылға дейін облыстың 26 елді мекенінде заманауи үлгіде мәдениет ошақтарын салу көзделіп отыр. Осы нысандарда және тағы да басқа мәдениет ошақтарында Цифрландырылған ақпараттық орталықтар халыққа қызмет көрсететін болады.
«Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларының желілік кестесіне сәйкес «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Бродкастинг залы ашылып, Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қараша айында білім орталығын ашу жоспарланды.
Бағдарлама аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің 210 құнды жәдігерлеріне QR-код жүйесіне енгізу жұмыстары жүргізілді.
Бұл музейге келушілердің уақытын үнемдеуге, әсіресе смартфондар мен гаджеттерді көп пайдаланатын жас буын үшін тиімді әрі музейге, тарихи жәдігерлерге деген қызығушылықтарын арттырады.
Бүгінгі күні 2500-ге жуық келушілер мен туристер QR-кодты пайдалану арқылы музей экспозициялары туралы ақпарат алды.
Мәдени-көпшілік іс-шаралар:
Облыс көлемінде өткізілген іс-шаралар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Астананың 20 жылдығы, Өзбекстанның Қазақстандағы жылы және т.б. атаулы мен мерейтойлық даталар аясында өткізілді.
Жыл басынан бері ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған 6000-ға жуық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оның ішінде Жамбыл Жабаевтың туылған күніне орай «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық айтыс жоғары дәрежеде өтсе, жергілікті ақын-сазгерлерді қолдап, шығармашылығын шыңдау мақсатында «Өлең мен әуен әлемі» шығармашылық кеші, күйші-композитор Ә.Желдібаев, жыршы-термеші А.Бетбаевтың шығармаларының тарихын таныту, орындау әдіс-тәсілдерін үйрету мақсатында «Домбыраның қос ішегі» атты шеберлік-сағаты, «Рухани қазына» мәдениет қызметкерлерінің фестивалі, «Көне Тараз жаңғырығы. Еуразияның мәдени көпірлері» атты халықаралық Қазақстан-Италия көрмесі, «Жамбылдың жыр қағаны» атты жас жазба ақындардың поэтикалық дуэлі, «Астана — Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» облыстық шығармашылық байқауы, және тағы да басқа іс-шаралар ұйымдастырылды.
Биылғы жылы алғашқы рет «Ақ жол» газетімен бірлесіп «Арқа төсіндегі арман қала» жаңа форматтағы, газеттік нұсқадағы айтыс өткізді. Облысымыздың 6 айтыс ақындарына бақтарын сынауға мүмкіндік беріліп, айтыстың толық нұсқасы «Ақ жол» газетінің сайтында жарияланып, интернет қолданушылар арасында дауыс беру жүргізілді.
Шу ауданында өткен ақындар айтысына өңірімізден 24 ақын қатысып, Жамбыл ауданынан қатысқан А.Исақов Бас жүлдеге ие болды.
Өңірге белгілі А.Исақов, А.Қасымбекова, А.Бекмусаев, А.Өзбеков, Е.Досалы сынды айтыскер ақындар тәрбиелеген шәкірттер республикалық жыр додаларында алдыңғы қатардан көрініп жүр.
«Ұлттық домбыра күніне» орай 1 шілдеде «Домбыра – халық мұрасы» атты мәдени шарада белгілі күйші, композитор Әбдімомын Желдібаев бастаған 300 домбырашы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Рахманқұлов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Е.Бақтыгерей және халықаралық конкурстардың лауреаты А.Жұматтың дирижерлік етуімен «Ерке сылқым», «Балбырауын», «Көңілашар» күйлерін орындады.
Мерекелік іс-шара аяқталғаннан кейін Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары халық көп шоғырланған «Технодом», «Ауыл береке», «Бек», «Якка сарай» сауда орталықтары мен базарларында өнер көрсетті. Сонымен қатар, Астана қаласында өткен, ұлттық домбыра күніне арналған флешмобқа, облысымыздан таңдаулы 20 жас домбырашы қатысып, Еліміздің атақты домбыра майталмандарымен бір қатарда өнер көрсетті.
«Ақыртас» кешенін және осы өңірдегі өзге де тарихи-мәдени мұра нысандарын туристік орталыққа айналдыру мәселелерін қолға алуға бағытталған үш жақты меморандумға қол қойылды.
Астананың 20 жылдығына орай 12-13 шілдеде Астанадағы Жамбыл облысының мәдениет күндері өтті. Арқа төсін екі күн бойы əнмен əлдилеген Жамбыл облысының мəдениет күндері Есіл жағасындағы амфитеатрда «Жаңарған Жамбылдан — асқақтаған Астанаға» атты мерекелік гала концертпен қорытындыланды.
Мерекелік іс-шараға Жамбыл облысы мен республикаға танымал өнерпаздар қатысты. Сонымен қатар, әулиеатадан 180 өнерпаз қатысып, екі күндік думанды шарада өлкеміздің бай мəдениетіне əн, жырын және өнерін елордалықтарға Жамбыл облыстық орыс жəне қазақ драма театрлары, Жамбыл облыстық филармониясы, Тараздық қолөнер бұйымдарының шеберлері өнер көрсетсе, халық шығармашылығы орталығы, облыстық тарихи-өлкетану музейі шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.
25-26 шілде күндері Жамбыл облысындағы Астананың мәдениет күндері аясында жамбылдықтар елордалық өнер ұжымдарының «Баласағұн» концерт залында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары – «Шалқыма» халық биі, эстрадалық би ансамбльдері, қазақ оркестрі, эстрадалық, классикалық және халық вокалы әртістері өз өнерлерін ортаға салды.
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы «Примадонны» комедиясы мен «Дикарь. Третье слово» мелодрамасын сахналады.
Жамбылдықтар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында екі күн бойы «Ақ тілекпен Астана!» көрмесін тамашалады. (Экспозицияға танымал 50 отандық суретшінің 100 үздік туындысы қойылды).
Сонымен қатар, бекітілген жоспарға сәйкес Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана» атты Тараз қаласы мен аудандардың мәдениет және өнер күндері өтуде.
Аталған шара 18 маусым – 13 шілде аралығында ауылдық округтерде өтіп, 18 шілде — 9 тамыз аралығында аудан орталықтарында өтуде. Мәдениет және өнер күндерінің гала-концертін қыркүйек айында өткізу жоспарланып отыр.
Өңірдегі жас таланттарды іздестіру, үлкен сахнаға шығару, өнерлерін өрістетіп, оларға қолдау көрсету мақсатында «JAMBYL» телеарнасымен бірлесіп шығармашыл жастардың «Жаңа Есім-2018» облыстық кастингі өтті. Жоғары Оқу орындардарына жолдама берілді.
Сонымен қатар, «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб» облыстық байқауы, композитор Н.Байкөзовтың эстрада және джаз музыка фестивалін өткізу жоспарланып отыр.
Өнер ұжымдарының шетелге шығуы:
Облыстың шығармашыл өнер ұжымдарының шет елдермен мәдени байланысын нығайту мақсатындағы жұмыстар да қолға алынып, а.ж. ақпан-сәуір айлары аралығында Жамбыл облыстық филармониясының «Балауса» циркінің әртістері Ильяс Рахманқұлов пен Талап Таубековты «MTG» ұйымдастыруымен Араб мемлекентінің Доха қаласында өткен «MAGIC FESTIVAL — 2018» фестиваліне қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп қайтты.
Облыстық орыс драма театры шілде айының 25-29 аралығында Велес қаласында (Македония) өткен «Стоби-2018» Халықаралық антика драмасының театралдық фестиваліне қатысып, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Б.Избасаров «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды.
Сондай-ақ, жыл соңында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін халықаралық мәдени фестивальге облыстық филармонияның «Ақкербез» би ансамблінің қатысуы жоспарланып отыр.
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Мен қазақпын» телевизиялық мега жобасының облыстық іріктеуінде жеңімпаз атанып, финалдық кезеңге жолдама алған А.Кенжебаев (Сарысу ауданы), Д.Байзілдаев (филармония), М.Мықтыбеков (Жуалы ауданы) сынды өнерпаздар Астана қаласында өтетін республикалық додада облысымыздың намысын қорғайды.
Тараз қаласының саябақтары, скверлерлері жаңғыртылып, «Жеңіс» саябағында «Ерлік» мемориалдық кешені бой көтерді. Мұнда Бауыржан Момышұлының ескерткіші мен «Мәңгілік алау» өз орнын тапты. Жамбыл облысынан шыққан 48 Кеңес Одағы Батырының есімдері жазылған арнайы тақтайшалар мен майданға аттанған 105 мың жауынгердің есімі жазылған «Даңқ аллеясы» ашылды.
Сонымен қатар, 2019 жылы Тараз қаласында жаңадан 7 мекеме ашылмақ, олар “А.Әшімовтің” өнер орталығы, “Руханият” орталығы, “Желтоқсан-86” орталығы («Желтоқсан жаңғырығы» атты кітап шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде, желтоқсан айында шығады, тақырыптық жоспар жасалынды, Қ.Рысқұлбеков пен желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы деректер жинақталуда), “Даңқ” музейі (экспозицияда Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысына қатысушылар туралы деректер қойылады), Көрме залы, Жамбыл атындағы музей. Осы орайда, облыстық тарихи-өлкетану музейі басқа ғимаратқа көшіріліп, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы «Жамбыл атындағы музей» болып ашылып, «Руханият» орталығына жаңа заманауи үлгідегі ғимарат соғу мәселесі қолға алынатыны айта кету керек.
Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында Елбасының қолдауымен жүзеге асырылған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас мамандарды ауылдық жерде тұрақтандыру жөнінде жан жақты жұмыс атқарылуда. Аталған бағдарлама қабылданғалы 2009-2017 жылдары аралығында ауданның мәдениет салаларына жалпы 92 жас маман жұмысқа қабылданып, құжаттары дұрыс рәсімделген 74 қызметкерге ғана көтерме жәрдемақы төленген. Ал, 40 жас маман тұрғын үй алу үшін несие алған.
Биылғы жылы Абай атындағы гуманитралық колледжі шығармашылық бойынша оқитын студенттерге 80 Грант бөліп отыр.
Облыс театрлары 35358 көрерменге 202 қойылым ұсынып, репертуарларын толықтыру мақсатында 10 жаңа қойылым сахналады.
Жамбыл облыстық филармониясы 6 айда 143 концерт ұйымдастырып, оны 58 114 көрермен тамашалады.
Филармония ұжымы жыл басынан бері Н.Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім», А.Қоразбаевтың әндерінен «Әгугай, домбыра» , Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Ән падишасы – Шәмші аға», Құрманғазының 200 жылдығына арналған «Жаңарған Жамбыл күмбірі» атты қазақ ұлт аспаптар оркестрінің концерттік бағдарламалары, т.б. өтті.
Сондай-Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Астана қаласына гастрольдік сапармен шығып, бекітілген кестеге сәйкес облыс көлемінде де өз өнерлерін халыққа паш етуде.
Биылғы жылы Жамбыл облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Және осы мерейтойға облыстық филармонияға К.Әзірбаев есімі беріліп, «Әуені әсем Әулиеата» атты музыкалық жинақ пен кітап шығару жоспарланып отыр.
Облыстық кино орталығы облыстық Жамбыл телеарнасымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру» бағдарлама діңгек» атты облыстық үздік бейнеролик байқауын өткізіп, үздік деп танылған 10 бейнероликтер әлеуметтік желіге жүктеліп, көрермен назарына ұсынылды. Аталмыш байқаудың негізгі мақсаты — қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік мәселелерді қозғай отырып, жастарға тәрбиелік мәні бар, мазмұны терең өнім ұсыну.
Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында толықметражды «Сағым» атты көркем фильмінің түсірілімі аяқталуда. Көркем фильмнің тұсаукесері 4-тоқсанға жоспарланып отыр.
Облыстағы 200-ге жуық суретшілер мен қолөнер шеберлері бойынша мәліметтер базасы жасақталған. Олардың шығармашылығына қолдау көрсету, жұмысын жандандыру мақсатында суретшілер мен қолөнершілердің қолынан шыққан құнды еңбектердің көрмесін жасақтау үшін «Шеберлер ауылы» атты алаң жоспарлануда.
Алаңда 2 типтік орын (көрмеге арналған ашық павильондар және қолөнер шеберлерінің бұйымдарын жасау үшін жабық орындар) қарастырылған. Сондай-ақ, түрлі ұлттық салт-дәстүрлерді өткізуге, ашық аспан астында әр түрлі ұлттық ойындарды, мерекелерді ұйымдастыруға арнайы киіз үй пішіндес алаңдар орнату көзделіп отыр.
Осы бағытта «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және облыс әкімдігінің туризм басқармасымен бірге жұмыс атқарылуда.
Сондай-ақ, облыстағы қолөнер шеберлерінің жоспарлары мен ұсыныс-пікірлерін талқылап, қолөнер шеберлерінің жұмысын үйлестіруге бағытталған одақ құру жоспарланып отыр