• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«ADAL STOP COVID»: ҚОРДАЙДАҒЫ ЕРЕКШЕ КЕЗДЕСУЛЕР

14.12.2020
0
«ADAL STOP COVID»: ҚОРДАЙДАҒЫ ЕРЕКШЕ КЕЗДЕСУЛЕР
348
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«ADAL STOP COVID»  жобасы Жамбыл облысына да жетті. Бұл жоба мұсылмандарарасында COVID-19 пандемиясының алдын алуға бағытталған.  «Internews» суб-гранты арқылы Еуропа Одағының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба Ислам дінін ұстанатын Қазақстандағы этникалық топтарға арналған. 

Бұл жолы этникалық дүнгендер тығыз орналасқан Қордай ауданы таңдалды. Ауқатты, Сортөбе, Масаншы ауылдарының тұрғындарымен өткен  кездесуде «COVID-19» инфекциясының қауіптілігі, КВИден сақтану жолдары жайында ақпарат берілді.

«COVID-19  жайындағы ақпараттардың негізгі легі әлеуметтік желіде таралады.  Онда шынайы да,  жалған да ақпарат бар. Ал бұл індеттің  өте қауіпті екенін терең түсінуіміз керек. Өкінішке орай, бұл қасірет көптеген адамды жақынан айырды, ауырғандар қаншама»- дейді жоба жетекшісі Айнұр Қоскина.

Жамбылдықтармен өткен кездесулерде дінтанушы, Мысыр еліндегі Әл-Азһар университетінің түлегі, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл- имамы Жолдас қажы Қоспакұлы, «Парасат» кеңес беру – әдістемелік орталығының директоры, практик -психолог Индира Беркимбаев қатысып, өз білген-түйгенімен бөлісті.

 

Пандемияның бірінші толқынында  Жамбыл облысындағы аудандар арасында Қордай өңірі COVID-19 вирусын жұқтырған науқастар саны  көп аймаққа кірген болатын. Аймағымызда коронавирус инфекциясы ең алғашқы ресми тіркелген жағдай Қырғызстан елінен шекара арқылы жүк тасып жүрген жүргізушілерден анықталды. Қордай ауданы шекара бойында орналасқандықтан, COVID-19 инфекциясының облыс аумағына таралу эпицентрі болды. Сондай-ақ, Рамазан айында қатаң карантин талаптарын өрескел бұзған жағдайлар орын алды. Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында барлығы 30 мешіт бар. Оған мұсылмандық парызды қатаң ұстанатын тұрғындар көптеп жиналады. Cәуір мен мамыр айлары аралығына сәйкес келген Рамазан айында ораза тұтқан адамдар үйлеріне қонақ шақырып, ауызашар өткізген. Бұл COVID-19 белгілері бар өкпе қабыну ауруына шалдыққан азаматтардың көбеюіне себеп болған жәйіттердің бірі. Сондай-ақ, қауіпті індеттен немесе басқа да себептермен  қайтыс болған марқұмдардың жаназасын шығаруға жиналғандар арасында да ковид тез тарады. Көпшілік жерге жиналмаңыз, қандай қиын болса да жерлеу рәсіміне топталып бармаңыз деген ескертулер назардан тыс қалып жатты.

Жоба теологы Жолдас Қоспақұлы: «Бұл — сынақ және бұдан күллі мұсылман абыроймен, өзіндік тәртіппен және шыдамдылықпен өтуі тиіс»,- екенін айтты. Психолог Индира Беркимбаева, аты жаман ауру жайлаған сәтте тек  психологиялық,эмоциналдық тұрғыда шыдамдылық танытып, өміріңізде болып жатқан өзгерістерге түсіністікпен қарауға кеңес берді.

Пандемия барысында орын алып отырған тағы бір жағдай бар. Мұсылмандар арасында спирт қосылған антисептикті қолдануға болмайды деген  сөз тарады. Сондай-ақ,  екпеге қарсылық білдіру жағдайлары туралы неше түрлі жалған ақпараттар шығуда. Кездесу барысында жамбылдықтарға осы мәселелерге қатысты шынайы ақпарат алуға мүмкіндік туды.

«Осы сұрақтарға жауап беруші қасиетті кітап — Құран. Адам денсаулығы – бұл «аманат». Ал өз денсаулығымызды сақтау үшін барлық қажетті шараларды жасауға тиіспіз. Құранда былай деп жазылған:  «Ақиқатында, Алла Тағала шыдамдылармен бірге». Бұл — сынақ, оны мұсылмандар  абыроймен өтуі тиіс», — дейді Жолдас қажы.

Кездесу барысында көрсетілген ибн Сина жайлы фильмде арақашықтықты сақтау, қол беріп амандаспау, мешіттерге көп адам жинамау туралы көп мәліметтер айтылды. Өз кезегінде ұйымдастырушылар кездесуге қатысушыларға бетперде мен антисептиктер таратты.  

Жиналған жамағат тақырыпқа сай өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, тарасты.

Тегтер: ADAL STOP COVIDМасаншыСортөбе

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты