• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 02:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ақын Күләш Ахметованың 80 жылдығына орай «Сезімге толы өлең әлемі» әдеби-сазды кеші өтті

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
08.10.2026, 16:09
Мәдениет
Ақын Күләш Ахметованың 80 жылдығына орай  «Сезімге толы өлең әлемі» әдеби-сазды кеші өтті
20
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, сыршыл жырдың саңлағы Күләш Ахметованың 80 жылдығына орай «Сезімге толы өлең әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби-сазды кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолына кеңінен тоқталып, оның қазақ поэзиясындағы өзіндік орны мен қаламгерлік қолтаңбасы туралы тағылымды ойлар айтылды.

Шараның шымылдығы Күләш Ахметованың 80 жылдық мерейтойына арнайы жолданған Дидар Апбасовтың арнауымен ашылып, ақынға деген құрмет пен ізгі лебіз көрініс тапты.
Кешке арнайы шақырылған қонақтар – жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлы, ақын, Күләш Ахметованың өмірлік жары Қайырбек Асанов және ақын Назерке Оңғар Сайлауқызы ақынның шығармашылығы, өмір жолы мен азаматтық болмысы туралы сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті.

Әсіресе, Қайырбек Асановтың ақынның өмірі мен шығармашылық ізденістері жайындағы естеліктері кештің мазмұнын байыта түсті. Ақынның жан дүниесін, шығармашылық болмысын жақыннан таныған жан ретінде айтқан сырлы әңгімелері көпшілікке Күләш Ахметованың тұлғалық қырын тереңірек танытты. Ал Көсемәлі Сәттібайұлы ақынның әдеби ортадағы орны, шығармашылық байланыстары мен қазақ әдебиетіне қосқан өзіндік үлесі жөнінде ой қозғап, Күләш Ахметованың жыр әлеміндегі дара қолтаңбасына тоқталды. Кеш барысында ақынның нәзік лирикасы мен сырлы жырлары көркемсөзбен өріліп, орталық жанындағы үйірме оқушылары Күләш Ахметованың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жас буынның ақын жырларына деген ықыласы мен көркем оқу шеберлігі өлеңнің рухани қуатын сезіндіре түсті. Әдеби кештің сазды бөлігін жыршы-термеші, үйірме жетекшісі Сәрсенбай Абылқайыр жалғастырып, «Сен мені шақырдың ба?» шығармасын орындады. Әуезді әуен мен сырлы сөз астасып, кештің көркемдік мазмұнын аша түсті. Шара соңында Бекарыс Көштаевтың «Адал жүрек» шығармасын орындауы кештің әсерлі түйініне айналды.

Күләш Ахметованың жырлары – уақыт өткен сайын мәні тереңдеп, тағылымы толыға түсетін рухани қазына. Ақынның сырлы өлеңдері адам жүрегіндегі нәзік сезімдерді тербеп, ізгілікке, адамдыққа, туған елді сүюге үндейді. Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында өткен тағылымды шараның басты мақсаты – ақынның саналы ғұмырын арнаған шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, сырлы поэзиясының қадір-қасиетін жас ұрпаққа таныту, ұлттық сөз өнерінің рухани құндылықтарын дәріптеу. Күләш Ахметованың поэзиясы – жүрек пен сезімнің, сағыныш пен сырдың, адамдық пен адалдықтың көркем өрнегі. Ақын жырларынан туған жерге деген перзенттік махаббат, анаға деген құрмет, адамға деген ізгілік пен өмірге деген сүйіспеншілік айқын аңғарылады. Оның әрбір өлеңі оқырманын ойға жетелеп, жүрекке жылу сыйлайтын сырлы әлем іспетті.

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Әдеби кешКүләш Ахметоваөлең әлемі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

12.10.2026, 11:56
Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11
Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50
Тоқпанов театрының құрамы 12 жас актермен толықты

Тоқпанов театрының құрамы 12 жас актермен толықты

09.10.2026, 12:29
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.