Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікке ілінді.
Қазір Күдебаевқа қатысты облыстық полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз. Серік Мырзақұлұлы күдікті деп танылып отыр, — деп хабарлады Бас прокуратура.
Ведомство мәліметінше, ҚІЖК-ның 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, « байланысты қойылған сұрақтарға толық жауап беру мүмкін емес».
Дереккөз: https://baq.kz/qantar-oqigasy-general-kudebaev-kudikti-dep-tanyldy_278128/