• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Рухани жаңғыру және дәстүрлі діни таным

16.06.2018
0
Рухани  жаңғыру және дәстүрлі діни таным
454
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім»-деп «XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы», «Бәсекелік қабілетілік», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы туралы» халыққа жолдау жасаған болатын. Жоғарыда аталған мәселелер қазіргі таңда өзекті және өз уақытында жолданған мақала деп санаймын.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын дінтанушы тұрғысынан ата-бабаларымыздың яғни түркі кезеңіндегі Қожа Ахмет Ясауи, он тоғызыншы және жирмасыншы ғасырдағы хакім Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовт т.б. ұлт азаттық қозғалысының дәстүрлі діни танымымен ашықтып халыққа жеткізгуді жөн деп санаймын.
«Түбіміз түркі, дініміз ислам»— демекші кез-келген елдің ел болып қалыптасуында өзінің негізі болады, ол негіз жер, тіл, дін, дәстүр екені айтпасада белгілі. Қазіргі таңда діндер мен діни ағымдар өте көп. Әр діннің және діни ағымдардың жекелеген лидерлері өздерінің түсінігі бойынша саяси, әлеуметтік, географиялық себепке байланысты дінді түсіндіруде. Сол секілді қазақ халқының өзіне тән діни сенімі мен танымы бар. Әрине ол дәстүрлі діни таным. Дәстүрлі діни таным дегеніміз – ол біздің ұлттық болмысымыздың өзегі. Қазақ мәдениетінің өзегін Ислам дінінсіз елестету мүмкін емес. «Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» — демекші дін еріккеннің ермегіне айналмауы керек. «Торғайды сойса да қасапашы сойсын» — деген ұстанымды ұстанып, дін жөнінде біріншіден ғалымдар, дінтанушы-теолог мамандар және эксперттер айналысуы керек. Себебі қоғамымызда болып жатқан дау-дамайлар қазақтың рухында діни білім алмаған азаматтардың кесірінен діни себепті екпеден бастарту, музыкаға тыйым салу, сурет салуды күнә деу, мектептің тәртібіне діни себепті бағынбау секілді дау-дамайлар елдің бөлінуіне және таза ислам дінінен шошуына әкелуде. «Ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейеді»— демекші діни бүліктің бетін қайтарып, қоғамды біріктіру үшін қазақтың дәстүлі діни танымына оралу керек. Бұл идеяны дінтанушы ғалым Досай Кенжетай, Зікірия Жандарбек, Мекемтас Мырзахметов т.б. ғалымдар да, айтуда.
Себебі қазақтың дәстүрлі діни танымы мейірімділікке, татулыққа, адалдыққа, толеранттылық пен гуманизмге негізделген.
Хакім Абай:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл
,–деп елімізде тұратын 130-дан аса ұлттардың нәсіліне, жынысына, түсіне, дініне қарамастан адам болғаны үшін жақсы көруге үндеген. Себебі қазақтың жерінде жүрген азаматардың бәрі бір-бірін құрметтуі адамгершілік қасиеттен, иманнан. Отан отбасынан басталады. Демек, отағасы әке мен ана балаларын үлкен-кіші, ұл-қыз демей бәріне бірдей махаббат мейірімін төгетіні секілді, біздің елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өзге дін өкілдеріне құрметпен қарауымыз — ел шаңырағының биік және шайқалмауына кепіл болары сөзсіз. Ал дәстүрлі емес діни ағымдар және экстремистік топтар тек өздерінен басқаның бәріне қатігез болуға, тек біздің жол ақиқат, қалғанның бәрі адасқан «шірік», «харам», «бидға» -деп адамдардың санасында жат діни таным қалыптастырып қоғамды жік-жікке бөліп, халықты билікке айдап салып, революциялық жолмен билікті басып алуды көздейді. Сондай діни ағымдардың (сәләфилік, тәкфіршілік, таблиғи-жамағаты, құраншылар) жетегінде кеткен ұл-қыздармыздың тағдыры ойран болып өмірлері түнекке айналуда. Арлыда иманды қылып өсіріп отырған қыз балларының тағдырын ойран қылған жат діни ағым өкілдерін жиі интернет пен теледидардан көрудеміз. Осындай оқиғалар бізді қаперсіз қалдырмауы керек. Себебі ұлдарымыз жат діни ағым өкілдеріне құл, қыздармыз күң болмасын десек, ұрпақты қазақтың дәстүрлі діни танымы негізінде тәрбиелеп, дәстүрлі діни танымның негізін салған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың діни танымын жандандыру кешіктірмейтін жұмыс деп санаймын. Ясауи бабамыз фикһта Ханафи мәзһабын, сенімде Матуриди ақидасын ұстанды. Ал өзінің діни танымы төрт қағидаға негізделді. Бірінші қағида «уақыт», яғни заманға сай өмір сүру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғырумыз мүмкін емес. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтың ұраны болу керек – деп заманның озық білімі мен ғылымын технологиясын игеруіміз керек екенін жеткізді. Ал діни ағымдар болса, фанаттық идеяға сеніп тек діни догмалармен шектеліп мемлекетімізді дамытатын мәселелерді қозғаудың орнына намазда «әминді» іштен айтамыз ба, «Құдай қайда», «ортағасырдағы мұсылмандар халифаты күшті болыпты»-деген секілді уағыз-насихаттарымен елімізді орта ғасырға сүйреуде. Өз уақытында Қожа Ахмет Ясауи бабамыз болса, заманға төтеп беретін бәсекелі ел болуды насихаттап түркі жұртының басын біріктіріп, үлкен империялық мемлекетке айналдырғаны тарихи шындық. Екінші қағида «мәкән» яғни Отан деп туған еліне, жеріне аянбай еңбек етіп, халқының сүйікті ұлдары мен қыздары болу. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады – деп қазақи болмысымыздан айырылумаға, қасық қаның тамағанша еліңе адал болудың маңызды ұждандық қасиет екенін жеткізді. Дегенмен, Сауд Арабиясы, Мысыр, Кувейт т.б. елдердің күмәнді діни оқу орындарынан оқып келіп, сол мемлекеттің дәстүрін, мәдениетін насихаттап қазақтың дәстүріне түзету жасаушыларға жол бермеуіміз керек. Қазақ атам у ішсең руыңмен деп туған жерін сатпауға үндеген. Үшінші қағида «ихуан» яғни бауырмалдық деп адамдардың ұлтына, нәсіліне, дініне, түсіне қарамастан құрмет көрсетіп бауыр тұту. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазақстан – әлемдегі мұсылмандар, православтар, католиктер, протестанттар, буддистер, иудеилер сияқты көптеген дін өкілдерінің бірлікте, бейбітшілікте, конфессияаралық келісімде өмір сүріп келе жатқан мемлекет» -деп, өзге дін өкілдеріне құрметпен қарау жарқын болашақтың кепілі деді. Төртінші қағида «Рабыта-сұлтан» басшыға бағына отырып, әділеттілікті талап ету. Құран Кәрімнің Ниса сүресінің 59 аятында «Ей, мүміндер! Сендер Аллаға бойсұныңдар, пайғамбарға бойсұныңдар, әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де. Егер, бір нәрсе үстінде талас-тартыста қалсаңдар, Аллаға және пайғамбарға жүгініңдер. Егер сендер Аллаға, ақырет күніне сенетін болсаңдар, осылай істеу әрі қайырлы, әрі жақсы нәтижелі болмақ» – делінген.
Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні «Уықты ұстайтын – басқұр, халықты ұстайтын — дәстүр» — демекші дінімізге, тілімізге, дәстүрімізге берік болайық ағайын.

Фотода автор.

Автор: Ерзат Жақыпов — Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ — нің директор орынбасары.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
Аида Балаева

Балаева #Анағақұрмет пост жазу эстафетасын бастады

10.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

10.05.2025
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты