Тараз қаласының «Баласағұн» мәдениет сарайында жайдарманның 1/4 ойындары өтті. Ойынға барлығы он бес команда қатысып, олар екі топта өнер көрсетті. Жергілікті командалары және Қызылорда облысы, Алматы қаласы, Шу, Жуалы аудандарынан жайдарман топтары өнер көрсетті. Әділқазылар алқасында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Айбек Тәутен, жайдарманшы Бекжігіт Баратбек, «ASTANA PARK» кинотеатрының директоры Олжас Қуандық, Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Нұрлан Қанатов және әділқазылардың төрағасы «JAMBYL» телеарнасының директоры Жасұлан Әбдіманап командаларды бағалады.
— «Ойын жақсы деңгейде өтті. Әсіресе, жастардың Тараз қаласында қоғамдық-саяси өмірінен айтқан әзілдері ұнады» — деп ойының соңында өз ойымен бөлісті Жасұлан Лесбекұлы.
Көрермендер мен әділқазыларға «Медиум», «Шу ауданының құрамасы» және «Асқар Тоқмағамбетов» командаларының әзілдері ұнады. Әсіресе, Жеңіс паркінің өзгеріске ұшырауы, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған әзілдері көңілден шықты. Ойынның нәтижесі бойынша 7 команда тікелей 1/2 ойындарға жолдама алса, 8 жолдамаға ұпайы бірдей 3 топтың арасынан ұйымдастырушылар мен редакторлар шешімімен шықпақ.
Ойынның фотолары:
https://vk.com/album-64135149_253878406
TURANINFO.KZ