• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 5935-і құрайды

turan_admin turan_admin
03.05.2018, 21:47
Облыс жаңалықтары
18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 5935-і құрайды
187
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы бойынша 2018 жылдың 1 сәуіріне 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 5935-і құрайды
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Нұрмергенұлы Баубеков мәлімдеді.
Ж.Баубековтың мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамы» ұлт жоспарының 84 қадамын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесі енгізіліп отыр.
Жаңа нысандағы жүйе көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін 3 түрлі жәрдемақы, яғни;
— көп балалы отбасыларға табысына қарамастан тағайындалатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
-отбасылардың табысына қарай анықталатын 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы;
— атаулы әлеуметтік көмек ;
біріктіріліп – жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек ретінде беріліп отыр.
Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісім шартқа негізінде отбасында еңбекке қабілетті адамдар міндетті түрде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Әлеуметтік жүйедегі негізгі өзгеріс аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтитын мемлекеттік қолдау 3 түрі:
Біріншіден, әлеуметтік көмек ай сайынғы немесе біржолғы шартты ақшалай төлем түрінде 6 айға көрсетіледі.
Екіншіден, еңбекке қабілетті әр азаматқа берілетін атаулы әлеуметтік көмекке қосымша мемлекет тарапынан оқып, мамандық алып, жұмысқа тұруына немесе микрокредит алып, өз ісін ашуға қолдау жасалынады.
Үшіншіден, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға, мемлекеттіңоны қиындықтармен бақытсыздықпен жалғыз тастамайтынын білуі тиіс, бірақ сонымен бірге ол көмекке мұқтаж адам ғана емес, ол – оның жаңа өмірлік деңгейге шығуына жәрдемдесетін көмектің жаңа түрінің белсенді қатысушысы.
2018 жылы аталған әлеуметтік көмекке барлығы 191,2 мың адам жүгінеді деп күтілуде. Аталған көмекке 3,5 млр.теңге қаралған (жергілікті бюджеттен 1,4 млр.теңге, республикалық бюджеттен 2 ,1 млр.теңге).
Ағымдағы жылдың 28 сәуірдегі есепті мерзімге атаулы әлеуметтік көмекпен 7762 отбасындағы 38060 адамға 466,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту облысымыздың әлеуметтік саласындағы саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда, нәтижесі ретінде әлеуметтік блокқа бөлінетін қаржының жыл сайынғы өсімі мен мүгедектердің қоғамдық ортаға кірігуі болып табылады.
2018 жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша 43538 мүгедек бар болса, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 5935-і құрайды.
Биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 662,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға ұлғаюда (2017 жылы -589,1 млн.теңге).
Бөлінген қаржы көлеміне мұқтаж 4751 мүгедектерді әлеуметтік оңалту құралдармен қамту жоспарлануда.
Бұдан басқа Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен 1432,7 млн.теңгеге 7608 мүгедек әлеуметтік көмекпен қамтылуда (гигиеналық құралдар, ымдау тілінің маманы мен жеке көмекшінің қызметі, арнаулы әлеуметтік қызмет).
Басқармаға қарасты 12 медициналық әлеуметтік мекемелерде 1287 адам арнаулы әлеуметтік қызметтерімен қамтылуда, оның ішінде 208-і мүгедек балалар.
Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы 2103 мүгедек арнаулы әлеуметтік қызметтерімен қамтылған.
Оңалту орталықтарының желісін дамыту және көрсетілетін оңалту шараларының сапасын жақсарту мақсатында Сарысу, Байзақ, Жуалы мен Меркі аудандарында психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл апапарттары бұзылған мүгедек балаларға сыйымдылығы шағын үйлер ашылу көзделіп отыр.
Облыс көлемінде мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бейімделуге тиіс 904 нысанға толығымен паспорттары дайындалып, 2013-2017 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 242,4 млн.теңгеге 708 нысанның бейімделу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы 120 нысан бейімделуден өткізуге жоспарлануда.
Осы бағыттағы жұмыс, әрбір мүгедекке жеке ұсынылатын әлеуметтік көмектерінің сапасын арттыру мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін жартылай стационарларды үкіметтік емес сектор арқылы дамытумен жалғастырылады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жоспары дайындалып, соған сәйкес 2018 жылы 538 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
2018 жылдың 1-сәуіріне жұмыспен қамту органдары арқылы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 199 мүгедек жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, олардың 49-ы тұрақты жұмыстармен қамтылып, 150-і уақытша жұмыстармен қамтылды. Уақытша жұмыстармен қамтылғандар ішінен: 103-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 31-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 15-і жастар практикасына, 1-і маусымдық жұмыстарға жолданды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.