Бүгін Тараз қаласының əкімі Ғалымжан Райылұлы Əбдірайымов республикалық, халықаралық пен олимпиадасы мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздарын қабылдап, алғысын білдіріп, сыйлықтар табыстады. Биыл қала мектептерінің 59 оқушысы түрлң жарыстарға қатысып, 32 жүлделі орын иеленді. 1-ші орын — 3 оқушы, 2-ші орын- 8 оқушы, 3-ші орын 21 оқушы олжаланды. Бұл үлкен еңбек пен ұстаздардың жүйелі жұмыстарының арқасында келген жеңіс.