• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық полицейлер балалар үйі тәрбиеленушілерінің Қайрат Нұртаспен жүздесу арманын орындады

turan_admin turan_admin
25.04.2018, 21:33
Абырой, Облыс жаңалықтары
Жамбылдық полицейлер  балалар үйі тәрбиеленушілерінің  Қайрат Нұртаспен жүздесу арманын орындады
307
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сарымолдаев атындағы Тараз балалар үйінің тәрбиеленушісі кішкентай Аркаша Овчинников пен оның достарының төбесі көкке жетті- олар өздерінің сүйікті әншісі Қайрат Нұртастың концертінде болып, тіпті онымен тілдесіп, бірге суретке түсті!
Бұл таңғажайып оқиға қарапайым адами мейірімділіктен басталған болатын.
Жамбыл облысы ІІД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жарасхан Ақбердиевтің отбасында төрт баласы бар, сонымен қоса ол өзінің кішкентай достары, Сарымолдаев атындағы Тараз балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұдайы барып тұрады. Мұнда ол жиі келеді: кейде қызметтес әріптестерімен барады, себебі ұзақ жылдардан бері облыстық Ішкі істер департаменті осы балалар үйін өз қамқорлығына алған, сондай-ақ тағы бір келу себебі – балалармен кездесу.
Бірде 10 жастағы Аркаша подполковник ағайына өзінің арманын- ең сүйікті әншісі Қайрат Нұртастың концертіне баруды армандайтынын айтты. Баланыңоттай жанған көзқарасынан жалын көрген ЖарасханАқбердиевтің түйгені: армандар міндетті түрде орындалуы керек.
Ұзақ ойланбастан, ол өз әріптестерімен осындай игі іске өзіндік үлес қосып, балалар үшін билет алу керектігі жайында ойымен бөліседі. Көптеген қызметтер, соның ішінде Кадр жұмысы басқармасы, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Анықтау басқармасы және басқалары бұл ұсынысты бірден қолдады. Нәтижесінде Сарымолдаев атындағы балалар үйінің ең белсенді әрі түрлі шығармашылық байқауларының жүлдегерлерінен құралғанбір топ тәрбиеленуші қазақстандық эстрада жұлдызының өнерін тамашалауға келді.
Концерт барысында Балалар үйі директорының орынбасары Дариға Бекбауова сахнаға шығып, Қайрат Нұртасқа шығармашылық жолына жетістіктер тілеп, жылы лебізін білдіре отырып, балаларға осындай мүмкіндік сыйлаған полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Содан соң балалар сахнаға шығып, өздерінің сүйікті әншілерімен бетпе-бет жүздесті. Мұндай ерекше сәтті пайдаланған кішкентай Аркаша көптің алдында өнер көрсететін Қайрат Нұртасқа тіл-көзден сақтайтынтұмар сыйлады, тосын сыйлық әншіні ерекше толқытып, Аркашаға ол өзінің «KN» логотипті костюмін және барлық балаларға өзінің үнтаспасын сыйға тартты. Сондай-ақ, әнші Аркашаның сүйікті әнін бірге орындау туралы ұсынысын бірден қабылдап, екеуі «Өмір – ғажап» әнін орындап шықты.
Сонымен қатар, балалар үйінің басшылығы тыныштық сақшысы болған, таза да пәк жүректерге қуаныш сыйлаған полицейлерге тағы да алғысын айтып жатты.
Мұндай игі шаралар алдағы да міндетті түрде жалғасын таппақ.

Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.