Бүгін Тараз қаласы №2 сотында «Бұйрықтық іс жүргізудегі қылмыстық істердің қарау ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырысқа Жамбыл облыстық сотының судьясы Мейірхан Атибеков, Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Низамиддин Жамашов, Тараз қаласы прокурорының орынбасары Айдынғали Дәулеталдин, Тараз қаласы №2 сотының судьясы Алтыншаш Қорабаева және адвокаттар қатысты.
— «Бұйрықтық іс жүргізу 8 баптан тұрады. Бұйрықтық іс жүргізуге психикасы бұзылған, кәмелет жасқа толмаған, қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдарға қолданылмайды. Бұйрықтық іс жүргізудегі қылмыстық істе қысқартылған түрде жүргізіліп, куәгерлердің қатысуы қажет емес»- деп баяндады Алтыншаш Шегебайқызы.
— «Ағымдағы жылы 172 қылмыстық теріс қылық тіркеліп, оның ішінде 6 іс бұйрықтық іс жұргізу өндірісімен аяқталып, сотқа жолданған. 1 бұйрықтық іс жүргізу өндірісі бойынша сот шешімімен кұдікті тұлғаға айыппұл салынып, 5 іс сотта қаралуда» — деп мәлімдеді Айдынғали Дәулеталдыұлы.
TURANINFO.KZ