• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Жаңғыру жолындағы жалынды жастар!»

turan_admin turan_admin
03.03.2018, 23:59
Облыс жаңалықтары
«Жаңғыру жолындағы жалынды жастар!»
1.1k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаламыздағы мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен, білім ордаларымен бірлесе Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, Қазақстан Республиксының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен оны іске асыруды өзінің негізгі бағыты ретінде ұстана отырып, мемлекеттік жастар саясатын қалыпты деңгейде жүргізіп келеді.
Жастарды спортпен және дене тәрбиесімен шұғылдануға ынталандыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен 2018 жылдың 22 ақпанында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Жаңғыру жолындағы жалынды жастар!» атты жастар спартакиадасы өткізілді.
Спартакиаданың ашылу салтанатында сөз алған «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін уақытша атқарушы Н.Қанатов «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қабылданғалы бері оның негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында жобалар әзірленіп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі іс-шара аталған бағдарламалық мақала аясында жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануға, ұлттық ойындарымызды жаңғыртуға, бағытталып отыр» дей келе, спартакиадаға қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
Жастар спартакиадасына 14 команда қатысып, 3 спорт түрлері бойынша (баскетбол, тоғызқұмалақ, арқан тартыс) жарысқа түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша «Баскетбол» спорт түрінен І орынды Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледжі («СГТК» командасы), ІІ орынды Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті («ТарМПУ» командасы), ІІІ орынды Жамбыл политехникалық жоғары колледжі («ЖПЖК» командасы), «Арқан тартыс» спорт түрінен І орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті («ТарМУ» командасы), ІІ орынды Тараз техника және бизнес колледжі («Жас қыран» командасы), ІІІ орынды Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен («ЖПЖК» командасы), «Тоғызқұмалақ» спорт түрінен І орынды Н.Нұрақбеков («Болашақ» колледжі), ІІ орынды М.Асылбекұлы (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі), ІІІ орынды С.Абдукарим (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті), жалпы командалық есеп бойынша І орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті («ТарМУ» командасы), ІІ орынды Жамбыл политехникалық жоғары колледжі («ЖПЖК» командасы), ІІІ орынды «Болашақ» колледжі («Болашақ» командасы) иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Спартакиадаға «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін уақытша атқарушы Н.Қанатов, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жаттықтырушылары, жарыстың төрешілері А.Құрбанов, Е.Култаев, Б.Үсенов, Т.Ширкеев, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары мен жарысқа қатысушы жастар, БАҚ өкілдері, барлығы 300-ге жуық адам қатысты.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін уақытша атқарушы Қанатов Нұрлан

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.