• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Өңір басшысы аруларды құттықтады

07.03.2018
0
Өңір басшысы аруларды құттықтады
371
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шаралардың легі толастар емес. Бүгін, облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты кеш өтті. Кештің алғы сөзін облыс әкімі Асқар Мырзахметов алып, нәзік жанды аруларды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады. Жиынға қаламыздың арулары, ақ жаулықты аналар мен ардагер ұстаздар қатысты.
Есіктен кірген сәттен аруларды гүл шоқтарымен қарсы алған ұйымдастырушылар аналар мен қыздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді. Филармония өнерпаздарынан құралған топ әсем әндері, мың бұралған ырғақты билерімен жұртшылықты тәнті етті. Кешті «Алатау» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен «Ақкербез» би ансамблі «Мереке» қазақ биімен ашып берді. Бұлбұл үнді әнші Оңал Азаматова, Тараз қаласының мақтанышы, елімізге танымал Ғани Мәтебаев, «Тараз» триосы, Жанна Асанқұлова және басқа әншілердің өнеріне риза болған келушілер ризашылықтарын білдіріп, қошемет көрсетіп жатты.
— «8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында шын ықыласты құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл мерейлі мереке – көңілге шуақ сыйлайтын жылылық пен сұлулықтың символына айналды деуге болады. Шуақты көктемнің алғашқы күндері осындай салтанатпен басталуы — табиғат пен тіршіліктің әсем үндестігіндей қабылданып келе жатыр. Ана – қоғамның тірегі. Отбасының шуағы. Тәрбиенің қайнар бұлағы, береке-бірліктің бастауы. Әйелсіз дүние жетім екені белгілі.
Аналар қауымы – ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Болмысы бекзат, жаны жайсаң, жүрегі шуақ абзал Аналарға Тәңір қуат берсін!Өмірлеріңіз әрдайым нұрға, қуанышқа бөленсін, құшақтарыңыз гүлге тола берсін!Баршаңыз бақытты болыңыздар!»- деді Асқар Мырзахметов.
— «Бүгін бір керемет, ерекше күн. Әдемі де әсерлі кештің куәсі болып отырмыз. Ұйымдастырушыларға, облыстық әкімшілікке, білім саласы басқармасына алғысым шексіз. Ардагерлерді ұлықтап, сыйлап шақырғандарына ризамын. Осы концерттің әсерінен, бір жағынан көптен күткен көктем мезгілі келген соң, көңіліміз жарқырып, нұр шашып тұр. Барша аруларды мерекесімен құттықтаймын. Аналық батамды беремін. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Біздің қыз-келіншектің бәрі де бақытты болуға лайық»,- деп ағынан жарылды кеш қонағы, ардагер ұстаз Нұркен Нұрмаханқызы.
Айта кетейік, мерекелік кештің арнайы қонағы ретінде елімізге танымал жас әнші Қуандық Рахым шақырылып, әуезді әнімен көпшіліктің құрметіне бөленді.

Мөлдір Қуатқызы

Тегтер: 8 наурызқуандық рахыммерекелік кешнаурыз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты