• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Махметғали Сарыбеков: «Инвестор болса қолдауға дайынбыз»

07.03.2018
0
Махметғали Сарыбеков: «Инвестор болса қолдауға дайынбыз»
249
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ғимаратында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау бойынша облыстық актив жиыны өтті. Активке басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мектеп директорлары мен қала тұрғындары қатысты. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ашып берген жиында Елбасы ұсынған бес мәселе бойынша сөз қозғалып, баяндамалар оқылды.
Өз кезегінде жарыс сөзге өңірдегі ЖОО ректорлары шығып, аталған тапсырмалар бойынша өздерінің атқаратын жұмыстарын баяндап берді. Олардың қатарында Тараз Мемлекеттік Университетінің ректоры Мағметғали Сарыбеков те бар.
— Президенттің өзекті тапсырмаларының бірі — студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету болып отыр. Құрметті активке қатысушылар, бұл жерде барлықтарыңыздың назарларыңызды келесі мәселеге аударғым келеді. Елбасының 2012 жылғы 28 қарашада білім және ғылым министрлігіне берген тапсырмасына сійкес үкіметтің қаулысымен 2013-2017 жылдарға арналған «Студенттік баспана», «Студенческая жилье» деп аталған заң қабылданып республикалық бюджеттен арнайы қаражат бөлінді. Осы бағдарлама бойынша бес жылдың ішінде 18 жатақхананың құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 16-сы Білім және ғылым министрлігі, біреуі ауыл шаруашылығы министрлігі, біреуі мәдениет және спорт министрлігіне. Осы күнге дейін 7025 орынға арналған 15 жатақхана іске қосылды. 2016 жылдан бастап жатақхана құрылыстарына бюджеттен ақша бөлу тоқтатылды. Ал енді бекітілген 2018 – 2020 жылдардағы республикалық бюджетте жатақхана мәселесі мүлде қарастырылып отырған жоқ. Ал Елбасының жаңа тапсырмасы бойынша 2022 жылдың соңына дейін кемінде 75 мың орынға дейін қамтамасыз ету керек болып отыр. Орта есеппен бір жатақханамыз 500 орын десек, онда тағы да 150 жатақхана соғуымыз қажет болып отыр. Яғни өткен бес жылмен салыстырғанда келесі бес жылдықта жатaқхана құрылысын 10 есеге көтеруіміз қажет болып отыр. Сондықтан осы мәселеге біз аса үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек деп есептеймін. Республикалық бюджет нақтыланған кезде осы мәселе толықтырылады. Барлық жатақханалар республикалық бюджеттен соғылады деп айта алмаймыз. Бұл мәселені шешу үшін Елбасы университеттерге, мемлекет пен жеке меншік серіктестіктерге жатақхана салуды тапсырып отыр. Құрметті Асқар Исабекұлы, Тараз Мемлекеттік университеті инвестор табылған жағдайда біз өзіміз көмектесеміз, жатақхананың жобалық құнының 50 пайыз қаржысын өз қаражатымыздан бөлуге дайынбыз. Қорыта айтсақ, Елбасының ұсыныстары ЖОО-ларға инновациялық білім беруді іске асыруға білім деңгейі мен өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуда. Бүгінгі үндеуді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа, соның ішінде жастарға қамқорлық жасауының жаңа қадамы деп қабылдаймыз. Біздің университеттің ғалымдары, профессор оқытушылары, студент жастары Елбасының халыққа үндеуінде айтылған әлеуметтік мәселелерін тек қана ауызша қолдау емес нақты іске асыруға өз үлестерін қосады деп сізді сендіруге рұқсат етіңіз, — деді ТарМУ ректоры Махметғали Нұрғалиұлы.

TURANINFO.KZ

Тегтер: АСҚАР МЫЗАХМЕТОВСАРЫБЕКОВ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты