• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Аймақта «Higer Quazar» компаниясының электробустары құрастырылмақ

turan_admin turan_admin
25.01.2018, 18:52
Облыс жаңалықтары
Аймақта «Higer Quazar» компаниясының электробустары құрастырылмақ
219
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақта «Higer Quazar» компаниясының электробустары құрастырылмақ

Облыс әкімінің Тараз қаласын аралаудың екінші күнін «Жасыл Ел Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысудан бастады. Қалдықтарды өңдеу және қайта кәдеге жарату, жою қызметтерін ұсынатын мекемеде қазір 236 адам жұмыс жасайды. Қала көшелерінің тазалығын сақтауға серіктестің 80 бірлік техникасы сақадай-сай тұр. Дегенмен, мекеменің техникалық әлеуеті толассыз жауған қарды тазалауға жетпейді. Сондықтан да облыс әкімі серіктестік жетекшілеріне қыстың көзі қырауда қапы қалмас үшін өңірдегі барлық мекемелердің техникаларын тарту туралы келісімшартқа отыруды тапсырды. Сонымен бірге, мекеменің жылдық жұмысының жоспары түзеліп, кіріс-шығыстары мен жұмысшылардың еңбекақысы төлеу де жүйелене түседі. Ал қала билігі серіктестіктің шаһар көшелерінің шырайын келтіретін сәнді гүлдер мен ағаштарының көшетін баптап өсіретін арнайы бақтың құрылысын қолға алатын болады. Бір сөзбен айтқанда қаланың тазалығы мен көгалдандыру ісі шаһар басшысы жұмысының негізгі көрсеткішіне айналады.
«ТаразКоммуналкөлік» жауапкершілігі серіктестігінде облыс
әкіміне кәсіпорынның базасынан электробустарға қызмет көрсететін «Higer Quazar» компаниясының жұмысын бастау туралы мәліметтер ұсынылды. Бұған дейін электробустарды құрастыру мен оларға қызмет көрсету саласында әлемдегі жетекші компанияның қызметін тұтынған Қарағанды облысының тәжірибесі кәсіпорын жұмысының тиімділігіне көз жеткізді. Сондықтан да, өңірде «Higer Quazar» компаниясының жұмысын жүйелеуге басымдық беріледі. Болашақта бұл кәсіпорын Тараз қаласынан жылына 20 электробус құрастыруға қабілетті зауыт ашуға ниет білдіріп отыр.
Өңірдегі металлургия ісінің көшбасшысы саналатын «Тараз металлургия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысқан облыс әкімі салалық басқармалардың басшыларының назарын мекемеге қажетті электр энергиясы мен темір жол көлігімен жүк тасымалдау қызметіне бағасының өсу мен маман тапшылығы мәселесіне аударды. Сондай-ақ, облыстағы индустриальды аймақтарды облыс әкімдігінің меншігіне алу қажеттігі айтылды. Сол арқылы, жергілікті билік инвесторларға тиімді инвестициялық климат қалыптастырып, олардан әлеуметтік жауапкершілікті талап ететін болады.
Өңір басшысы жер асты суларын өндіру арқылы қала тұрғындары мен кәсіпорындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін «Тараз су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының да жұмысымен танысып шықты. Бүгінде кәсіпорын өзінің 2017-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламасына сай жұмыс жасауда. Бағдарлама нәтижесінде кәсіпорын халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету қызметінің сапасын арттыруға және ресурстарды үнемдеуге қол жеткізбек.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.