ЖОЛДАУ – ЖАҺАНДЫҚ ДАМУДЫҢ ЖОЛЫ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауы Тараз қаласы ішкі істер басқармасының жеке құрамының қатысуымен талқыға салынды. Аталмыш жиын 2018 жылдың 19 қаңтарында Тараз қаласы ІІБ-ның Мәжіліс залында өтілді.
Аталған іс-шараға Тараз қаласы деңгейіндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бекболатов Қаржаубай Бекболатұлы және Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамының Жамбыл облысы филиалының жетекші маманы Нұрлыбаева Меруерт Төреханқызы шақырылып, Жолдаудың негізгі бағыт-бағдары түсіндіріліп, қызметкерлердің сұрақтарына дәйекті түрде жауап берді.
Жиын барысында Бекболатов Қаржаубай Бекболатұлы 10 қаңтарда жарияланған Елбасы Жолдауының толық нұсқасын оқып шығып, 10 басымдыққа арнайы тоқталып өтті.
Бірінші. Қазақстан индустриясы жаңа технологиялар енгізудің көшбасшысы болуы тиіс. Біздің өнеркәсіпте цифрландыру мен заманауи бизнес-модельдерді дамыту арқылы еңбек өнімділігінің деңгейін арттыру қажет.
Екінші. Ресурстарды пайдаланудың тиімділігін жақсарту қажет. Бұл өндірілетін өнім үлесін арттыруға, өңдеуге, сондай-ақ энергия тиімділігі мен экологиялық таза өнім алуға мүмкіндік береді.
Үшінші. Агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс.
Төртінші. Транспорт пен логистикалықинфрақұрылымдыодан ары дамыта беру. Цифрлықтехнологиялардыенгізу мен интеллектуалды транспорт жүйесінқұружүктасымалдаумерзімдерінқысқартуғажәнетранзиттентүсетінтабыстардыеселеугемүмкіндікбереді.
Бесінші. Құрылыс және түрғын үй коммуналдық шаруашылыққа заманауи технологияларды пайдалану. Жаңа құрылыс әдістері ғимараттардың энергетикалық тиімділігі, интеллектуалды инфрақұрылымды басқару жүйелері қазақстандықтарды өмір сапасын жақсартады.
Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
Жетінші. Адами капитал – жаңғырунегізі.
Сегізінші. Тиімдімемлекеттікбасқару.
Тоғызыншы. Жемқорлықпенкүресжәнезаңның үстемдігі.
Оныншы. «Ақылдықалалар» «ақылдыұлт» үшін.
Мәжіліс соңында Тараз қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Сексенбаев С.М.: «Президентіміздің бұл ЖолдауыныңҚазақстан халқының жарқын болашағының кепілі» деп қорытындылады.
Жолдаудың 8 және 9 басымдықтарына, яғни құқық қорғау органдары қызметкерлерінің алдына қойылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас мамандары Әмірбеков Ерболат Ерланбекұлы мен Ақмырзаев Қайрат Қалабайұлы арнайы тоқталды.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңының талаптарын жеке құрамға қосымша жеткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған видеороликтер көрсетумен аяқтады.
Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі