Тараз қаласындағы «Small», «Smart» және «Дәмдес» сауда үйлерінде жаңа жылға орай тілектер шыршасы орнатылған.
Онда «Қайырымды азамат», «Мейірімді ханшайым» деген сөздер жазылыпты. Сондай-ақ ол шыршаға балалар хаттарын жазып қалдырған. Ол хатты оқыған азаматтар міндетті түрде хат иесінің өтінішін орындауы тиіс екен. Айта кетерлігі, бұл шара 20 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Шыршадағы хат иесінің арманын орындауға келген азаматтың бірі Мұхтар Рамазанов. Тараз металлургия зауытының жетекші директоры қызметін атқаратын ол «Smart» сауда үйіне азық-түлік алуға келген сәтте шыршаға көзі түсіпті. Мұхтар Рамазанов ашқан хатта: «Құрметті Аяз ата! Келе жатқан жаңа жыл мерекеңізбен құттықтаймын! Биылғы жаңа жылда маған қазақ ертегілері кітабын сыйға тартыңызшы. Мен жаңа жылға әдемі көйлегімді және тақпағымды дайындап отырмын. Сыйлық үшін рахмет. №43 мектеп 4 «ә» сынып оқушысы Аяла Байболат» делініпті. Мұнан соң тағы бір ашылған хатта балақай іші тәттіге толған сөмке сұраса, және бір хатта 6 сынып оқушысы өзіне жейде мен көйлек сұраған екен. Алдағы уақытта Мұхтар Рамазанов хат иелерінің тілектерін орындайтын болды. Бір айта кетерлігі, хатта балақайлардың мекен-жайларымен байланыс нөмірлерін жазылған.
Жоғарыда айтылған үш сауда үйіне барып балалардың арманның орындауға болатынын ұмытпаңыздар.
Балалардың арманы орындалуда
Опубликовано Исламбеком Дастаном Пятница, 22 декабря 2017 г.
TURANINFO.KZ