Мойынқұм ауданында «Отбасы күніне арналған отбасы құндылықтарын насихаттайтын іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы жүзеге асырылды
Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Отбас күніне арналған отбасы құндылықтарын насихаттайтын іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде ағымдағы жылдың қараша айында Мойынқұм ауданының орталығында және ауылдық округтерде отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткен болатын. Нақтырақ атап өтсек Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде «Отбасы – бақыт мекені» атты кездесу, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «Отбасы – рухани жаңғыру негізі» атты жас ақындар байқауы, Отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенділері, аудан тұрғындары, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға бірлестік тарапынан арнайы дайындалған бүктеме қағаздары үйлестіріліп берілді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен естелік кітаптар табыс етілді. Жалпы іс-шараларға 200-ге жуық адам қатысты.