«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру аясында — барлық адамдар үшін заманауи мемлекет», сот жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы нұсқаулығына сай электрондық құжат нысанында сотқа құжаттарды беру мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі (бұдан әрі – «Сот кабинеті») арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесінде оларды қабылдау, тіркеу және өңдеу тәртібін реттейді. Реформалау барысында сот процесіне жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде.«Сот кабинеті» сервисі, «Төрелік» сот актілерінің базасы, аудио-бейне жазба жүйесі, Істер санаттарының бірыңғай жіктеушісі соттармен өзара қызметтестікті айтарлықтай жеңілдетуге және сот процесінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. «Сот кабинеті» сервисі мүмкіндігі: сотқа жүгіну және шағым беру, ұсыныстарын жолдауға, сот актілерін апостилизациялау, құжаттардың қозғалысын және мәртебесін қадағалау, сот актілерін шығару, мемлекеттік баждарды төлеу.«Төрелік» жүйесі барлық процессуалдық құжаттарды көруге мүмкіндік береді және істерді және өтініштердіқарау мерзімдерінің бұзылуын қадағалап, тіркейді. Бұл қызметтердің барлығы барлық пайдаланушыларға «Талдау» арнайы форумы арқылы Жоғарғы Сот сайтында, Интернет желісі арқылы азаматтарға ЭЦҚ қолданылуымен ыңғайлы жерде қол жетімді. Ақпараттық қызметтер сот жүйесі жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді, азаматтардың сотқа жүгіну кезінде құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.Электрондық құжаттарды беру шарттары: Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсына алады. Бұл үшін «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет. «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады. «Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады. Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторзациялау рәсімінен өткеннен кейін:өздерінің талап арыздарымен,сотқа қатысушы тараптар: сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен; сот отырысының хаттамасына ескертумен; өтінішпен сотқа жүгіне алады. Сонымен қатар, өзге де құжаттарды қайтадан беру туралы арыздармен жүгінген жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бажды төлеушілер, пайдаланушы электрондық чектің бірегей коды енгізілетін және оны іздестіру жүзеге асырылатын «Төлем чегін тексеру» қызметін таңдау жолымен «Сот кабинетінде» ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемін тексеруді жүзеге асыра алады.
Г.Ж.Ахалиева, Тараз қаласы №2 сотының бас маманы