«Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі» КММ әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жамбыл облысы Жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған іс – шараларды ұйымдастыру» атты жобасына сәйкес Бостандық ауылдық округінде кездесу өткізілді.
Ауыл тұрғындарымен болған басқосуға республикалық ақпараттық –түсіндіру тобының мүшесі, облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы, теолог Нұралы Бақытұлы мен «Жамбыл облысы Жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Абзал Есіркепов қатысты. Жиында алғаш болып сөз сөйлеген А.Есіркепов қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм күресу басты міндет екендігін алға тартты. Содан кейін Нұралы Бақытұлы облыста діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған іс-шаралар туралы тілге тиек етіп, асыл дініміз ислам туралы кеңінен мағлұматтар айтып берді. Сондай-ақ экстремизм мен терроризмге түспеудің басты жолы терең білім екенін жеткізді. Сондықтан дін жолына түсерде әуелі дұрыс ілім мен білімге назар аудару қажеттігін алға тартқан облыстық медресенің ұстазы қазіргі таңда ол үшін бар жағдай жасалғандығын сөз етті. Сол себепті әр нәрсенің толықтай дұрыстығына көз жеткізіп барып қана сол жолға түсу қажеттігін баса айтты. Жиында ауыл тұрғындары облыстық ақпараттық-түсіндіру тобыны мүшесіне көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.