«Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» атты семинар-кеңес өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай басқарма қызметкерлері мен басқармаға қарасты мәдениет, архив мекемелерінің басшылары және кадр қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» атты семинар-кеңес отырысы өтті.
Семинар-кеңеске түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Әмірбеков Ерболат Ерланбекұлы және Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ақылбаев Олжас Бақытұлы шақырылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөнінде нақты берілген тапсырмаларды, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының нормаларынан туындайтын міндеттерді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын орындау үшін мемлекеттік қызметшілер мен мекеме басшыларына қатаң бақылау жүргізу тапсырылған болатын. Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, облыстық қазақ драма театры өңірдегі аудандарда «Құмсағат ғұмыр-өмір өлшемі», «Аса мәртебелі Сейф!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы қойылымдарын сахналады. Бұл туралы семинар кеңес отырысында басқарма басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы сөз қозғап, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп этикасы жөнінде, жемқорлық жәйттарының қоғам өміріне тигізер зияны турасында баяндап өтті.
Сондай-ақ, жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал ету мақсатында арнайы дайындалған бейнеролигі қызметкерлердің назарына ұсынылды.
Семинар соңында қызметкерлер өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.
TURANINFO.KZ