Ардагерлер қоғамның қозғаушы күші
«Ауған соғысы ардагерлері мен мугедектері одағы» қоғамдық бірлестігі 2012 жылдан бастап Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлының басшылығымен қарқынды түрде жұмыс жасап келеді.
«Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен, Тараз қалалық, Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармаларымен, облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесіп түрлі қоғамдық жұмыстарды белсене атқарады. Ауған соғысының ардагерлері жастармен қосылып көктем мезгілінде облыстағы қоғамдық орындарға ағаш отырғызып, тазалық жұмыстарына қатысады.
Ұйымның атқарып жатқан жұмыстары негізінен Елбасының 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 85-қадамына сәйкес қазақстандық патриотизмді дамыту бағыты бойынша іске асырылып жатқан үлкен істердің бірі болып табылады. Биылғы жылы аталған ұйым ТарМУ-дің әскери кафедрасының студенттерімен Ақмола облысында Шортанды қаласындағы Шохан Уалиханов атындағы кадет корпусында тәжірибе алмасып, әскери оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ одақ мүшелері, ардагерлер, және жастар бастаған арнайы топ Отар қаласында орналасқан №40-шы әскери базададағы әскери қалашықта 18 мемлекет қатысқан әскери ойындарға көрермен ретінде барып, еліміздің атынан бақ сынаған командаға жанкүйер болып қайтты. Қазіргі сәтте Дүкенбай Сайлаубекұлы басқаратын ұйым республика бойынша дәл осындай одақтар арасында рейтинг бойынша бірінші орында көш бастап тұр. Дүкенбай Ермеков осы ұйымның жұмысын жандандарып, жастарды патриоттыққа тәрбиелеп, өз елінің шын жанашыры болуға талпындырып, ел мүддесі жолында адал қызмет еткендігі үшін 2016 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай Елбасының қолынан Құрмет орденін иеленді.
Аталған ұйым қазіргі таңда Жамбыл облысындағы оңтүстік өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде, барлық әскери заставаларында, Тараз қаласындағы барлық ЖОО-да, колледждер мен орта білім беретін мектептерде, Дарын, Назарбаев зияткерлік мектептерінде, сегіз кітапханада, әскери-техникалық мектепте, барлық аудандық қорғаныс істері бөлімшелерінде, Тараз қалалық қорғаныс істері бөлімінде, және облыстық қорғаныс істері департаментінде жастармен әскери-патриоттық тақырыптарда үлкен кездесулер өткізіп келеді.
Майдан даласындағы отан үшін төгілген әрбір қасық қанның қадірін өскелең ұрпаққа тереңінен ұғындырып, бойларына патриоттық дем беріп, қоғам өміріне өзіндік үн қосумен айналыс жатқан «Ауған соғысы ардагерлері мен мугедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің облысымыздағы түрлі үкіметтік емес ұйымдар арасындағы алар орны ерекше. Осы себепті де аталған ұйым мүшелері келешекте табанды түрде еңбек етіп, аға буынның тағылымды тағдырын жастар арасында насихаттай бермек.
TURANINFO.KZ