Қазақстандағы исламның тарихы
Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың айында қыркүйек айында Тараз қаласы Шөлдала шағын алқабында, Байзақ ауданы Бурыл, Мырзатай ауылдық округтерінде және Жамбыл ауданы Ақбұлым, Ерназар ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Қазақстандағы исламның тарихын, деструктивті діни ағымдардың сипаты және сот шешімімен тыйым салынған ұйымдардың белгілерін түсіндіру» тақырыбында семинар-тренингтер, кездесулер ұйымдастырылды.
Іс-шараға дінтанушы-магистр Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіның аға оқытушысы Мұратбек Мырзабек лектор ретінде арнайы шақырылып, дін саласында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат» атты бүктемелер кездесуге қатысушыларға үйлестіріліп берілді. Кездесуге мектеп мұғалімдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл имамдары және ауыл тұрғындары барлығы 150-ден аса адам қатысты. Кездесу барысында М.Мырзабеков дәстірлі емес діни ағымда жүрген адамдардың сыртқы белгілеріне тоқталып өтіп, жастарымызды осы теріс ағымдардың жетегінде кетпес үшін қажетті ақпаратпен бөлісті. Мұратбек Мырзабеков сөз сөңында Ислам әлемдегі ең таза дін, оны дәстүрлі емес ағым өкілдерінің қара күйе жағуына жол бермеуіміз қажет деп атап өтті. Бүгінгі таңда жастарымыздың теріс ағымның жетегінде кетпес үшін барша қоғам болып көп жұмыс жасау керектігін атап өтті. Сонымен қатар теріс ағымдардың жетегінде жүрген жастардың көбіне жұмыс жасайтын орындарына тоқтала өтіп, жақындарымызды, туыстарымызды олардан аластата ұстау керектігін атап өтті. Іс-шара соңында бірлестік тарапынан кездесу қатысушыларына салаунама парақшалары таратылып, дін саласына байланысты тұрғындардың ұсыныс-пікірлері алынды. Алдағы уақытта аталмыш ұсыныс-пікірлер сараланып, мемлекеттік орган басшыларына жолданатын болады.