«Халық арасында тұтыну сауаттылығын арттыру және тұтынушылардың құқығын қорғау»
2017 жылдың мамыр айынан бастап «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Жамбыл облысының ауыл жастары одағы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен қаламызда «Халық арасында тұтыну сауаттылығын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау» атты әлеуметтік маңызы бар жоба шеңберінде біршама іс-шаралар легі ұймдастырылды. Аталмыш жоба шеңберінде ұйымдастырылған іс-шаралардың мақсаты халық арасында тұтыну сауаттылығын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында білікті мамандармен кездесулер ұйымдастыру арқылы тұтынушылар тарапынан туындайтын келеңсіздіктердің алдын алу. Тұтынушылардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беру арқылы тұтынушылардың қандай құқықтары бар екенін түсіндіру. Сонымен қатар іс-шаралар барысы қаламыздағы сауда орталықтарында да ұйымдастырылды. Ондағы мақсат сатып алушылар мен сатушыларды базарлар мен сауда орталықтарында орын алып жатқан келеңсіздіктерге байланысты олардың міндеттері мен құқықтары түсіндіру.